109
Қан — сұйық тірі ішкі орта ұлпасы. Ол тұйык қан айналым жүйесінде
үздіксіз қозғалыста болып, организмнің барлық мүшелер жүйелерін
біріктіріп, біртұтас етіп, олардағы ұлпалық жəне жасушалық деңгейдегі зат
алмасуды қамтамасыз етеді. Жануарлар организмінде қан тасымалдау
(қоректік заттарды — мүшелерге, ұлпаларға, жасушаларға; ыдырау өнімдерін
бөлу
мүшелеріне;
ұлы
заттарды
залалсыздандыру
үшін
бауырға
тасымалдайды), газ алмасу (оттеггі өкпеден организм мүшелеріне,
ұлпаларына,
жасушаларына;
көмірқышқыл
газын,
керісінше,
дене
мүшелерінен өкпеге алып барады),
трофикалық (қан мен ұлпалар
арасындағы қоректік заттар алмасуын қамтамасыз етеді), қорғаныс
(микроорганизмдерді, бөгде белоктық жəне ұлы заттарды жоюға қатысады),
Достарыңызбен бөлісу: