ақшыл дискілерді, миозин миофиламентгері - анизотропты (А) күңгірт
дискілерді құрайды. Осы ақшыл жəне күңгірт дискілер кезектесе орналасып,
миофибриллалардағы миосимпласттың (ет талшықтарының) көлденең
жолақтарын жасайды. Себебі, миосимпласттағы барлық миофибриллалардың
кезектесе орналасқан ақшыл жəне күңгірт дискілері бір деңгейде жатады. Ет
ұлпасының "көлденең жолақты" — деп аталуы осыған байланысты. Көлденең
жолақты бұлшықет ұлпасы ерікті жиырылады. Миосимпласттар бір-бірімен
жұқа дəнекер ұлпалық аралықтар (эндомизий) арқылы байланысып, ет
талшықтарының шоғырларын түзеді. Ет талшықарының шоғырлары бір-
бірімен өзара жалпақтау дəнекер ұлпалық аралықтармен (перимизий)
байланысып, бұлшық еттерді кұрайды. Бұлшық еттер сыртынан дəнекер
ұлпалық қабықпен (эпимизий) қапталған. Құрылысы жағынан бұлшық еттер
паренхималы мүше. Оның паренхимасын ет талшықтары, ал олардың
аралығындағы қан, лимфа тамырлары мен жүйке өтетін дəнекер ұлпалық
аралықтар мен ет қабығы (эндомизий, перимизий, эпимизий) бұлшық еттің
стромасын құрайды.
Достарыңызбен бөлісу: |