саусақ тəрізді өсінділері арқылы бір-бірімен өзара тізбектеле байланысып,
140
Олар миофибриллалар айналасында тізбектеле орналасады. Агранулалы
эндоплазмалық тор да жоғары дəрежеде жетілген. Олар кардиомиоцит
цитоплазмасының шеткі жағында, сарколемманың астында орналасып, бір-
бірімен жалғасып жатқан кең қуысты өзекшелер (цистерналар) түзеді.
Агранулалы эндоплазмалық тор өзекшелері де миофибриллалардың
аралықтарында
ұзынынан
жатады.
Миоглобиндер
кардиомиоцит
цитоплазмасында біркелкі таралған, қосындылардан гликоген дəншелері,
липид тамшылары жəне липофусций пигменті кездеседі. Жануарлардың
жасына байланысты липофусциннің көбейе береді. Бұл пигментті "қартаю
пигменті” – деп те атайды. Кардиомиоцит плазмолеммасы телофрагма (Z
сызығы) деңгейінде жасушанын ішше қарай катпарлана еніп, кең куысты
көлденең түтікшелер (tubulus transversus) түзеді. Бұларды Т түтікшелер –
деп атайды. Бұл түтікшелердің бұлшық ет талшықтарындағы Т
тұтікшелерден айырмашылығы жасуша ішіне қарай Т түтікшелермен бірге,
оларды сыртынан қаптай плазмолемманың негіздік жарғағы қоса енеді.
Көлденен жолақты жүрек ет ұлпасы еріксіз жиырлады.
Өткізгіш
кардиомиоциттер
мөлшері
жағынан
жұмысшы
кардиомиоциттеге қарағанды ірі куледі. Олардың ұзындығы 100 мкм,
көлденеңі 50 мкм. Олардың цитоплазмаларында жалпы органеллалардың
барлығы да бар. Бірақ, миофибриллалары аз болады жəне олар жасушаның
шеткі жағында сирек жатады. Жасуша плазмолеммасы Т түтікшелер жүйесін
түзбейді. Өткізгіш кардиомиоциттер бір-бірімен тек ұштарымен ғана емес
бүйір беттеріндегі аралық өсінділері арқылы да байланысады. Ендірме
дискілердің құрылысы карапайым келеді, плазмолемманың саусақ тəрізді
өсінділері жəне олардың аралықтарындағы десмосомалар мен нексустар
жұмысшы
кардиомиоциттерге
қарағанда
нашар
жетілген.
Өткізгіш
кардиомиоциттердің негізгі қызметі — жүйкелер арқылы келген қозу
толқындарын
(импульстерін)
жұмысшы
кардиомиоциттерге
жеткізу.
Өткізгіш кардиомирциттер жүректің жүйке-ет өткізгіш жүйесін құрайды
Достарыңызбен бөлісу: