144
бөлігін, нейрон денесі немесе перикарион — деп атайды. Нейроцит
нейроплазмасындағы
нейрофибриллалар
нейрофиламенттер
мен
микротүтікшелерден құралған. Олар нейроцит ядросы маңында жиі тор, ал
жасуша өсінділерінде олардың ұзын бойын бойлай бір бағытта орналасқан
нейротүтікшелер мен нейрофиламенттер шоғырларын түзеді. Гистологиялық
препараттарда нейрофибриллаларды азотты қышқыл күмістің көмегімен
анықтайды. Хроматофилді затты негіздік бояулармен (тионин, көкшіл
толуидин, көкшіл крезил) бояу арқылы нейроцит цитоплазмасында анық
көруге болады. Оны əр түрлі пішіндегі базофилді кесекшелер құрайды. Олар
негізінен ядро маңындағы перикарионда жəне дендриттер цитоплазмасында
шоғырланған. Ал аксонның нейроцит перикарионынан бөлініп шығатын
аксондық төмпешігі мен аксон цитоплазмасында базофилді зат болмайды.
Базофилді затты өте тыгыз орналасқан гранулалы эндоплазмалық тор
құрайды. Оның құрамында РНҚ -ның көп мөлшерде болатындығы
гистохимиялық əдіс арқылы анықталды. Демек, базофилді зат белоктарды
белсенді түзу арқылы нейроцитті құрылымдық белоктық материалмен
үздіксіз қамтамасыз етіп отырады. Белоктар, əсіресе, базофилді заты жоқ
аксон цитоплазмасының массасын сақтау үшін тым қажет. Нейроцит
цитоплазмасы кұрамындағы заттарымен бірге жасуша денесінен аксонға
қарай тəулігіне 1 мм жылдамдықпен жылжи ағатыны ғылыми дəлелдеңген.
Нейроцит цитоплазмасында майда таяқ тəрізді митохондриялар шашыла
орналасады. Пішіні дөңгелек немесе сел сопақша келген нейроцит ядросы
нейроплазманың орталығында орналасады. Ядро ішінде 1-2 ядрошығы
болады. Ядро хроматиндері кариолемма маңыңа жинақталған.
Достарыңызбен бөлісу: