145
Сонымен қатар, аталған өсінділер жүйке жүйесі мүшелерінің қан тамырлары
маңында жəне жүйке мүшелерінің сыртқы бетінде, жүйке ұлпасын басқа
ұлпалардан оқшаулайтын шекаралық жарғақтарды түзуге қатысады.
Эпендимоглиоциттер жүйке мушелері куыстарына немесе қанғаа эр
түрлі белсенді заттар бөлу арқылы секреторлық қузмет те атқарады.
Астроциттер құрылысына байланысты протоплазмалық (қыска сəулелі)
жəне талшықты (ұзын сəулелі) болып екі топқа бөлінеді. Протоплазмалық
астроцитгердің өсіңділері қысқа жəне тармақталып жатады. Ядроларының
хроматины аз, цитоплазмасында митохондриялар көптеп кездеседі. Бірақ,
эндоплазмалық тор мен рибосомалар нашар жетілген. Протоплазмалық
астроциттер негізінен орталық жүйке жүйесі мүшелерінең сұр затыңда
орналасып, олардағы зат алмасуға қатысады жəне шекаралық оқшаулау
қызметін атқарады.
Достарыңызбен бөлісу: