142
Жүйке ұлпасы нейроэктодермадан жетілетін жүйке түтігінен, жүйке
қырынан жəне жүйке жуандауынан (жүйке плакодасынан) дамиды. Жүйке
түтігінен ми жəне жұлынның негізін құрайтын жүйке ұлпасы жетіледі.
Жұлын қырынан ми жүйкелерінің кейбір орталықтары (ядролары), тері
меланоциттері, жұлын мен мидың сезімтал жүйке түйіндері (ганглийлері),
вегетативті жүйке ганглийлері, жүйкелік глия (леммоциттер), ішек
хромафиноциттері,
бүйрекүсті
безі
бозғылт
затының
хромаффинді
жасушалары, ұйқы безі инсулоциттері, қалқанша безі фолликул маңы
жасушалары (К -жасушалар) дамиды. Жүйке жуандаулары есту тепетеңдік
жəне иіс сезімі мүшелерінің дамуына қатысады. Сонымен қатар, жүйке
жуандауларынан үшкіл, бет, тіл-жұтқыншақ, кезеген ми жүйкелерінің
ядролары қалыптасады.
Нейроциттер жүйке жүйесі мүшелеріндегі орналасу орындарына жəне
атқаратын қызметтеріне байланысты пішіні мен мөлшерінің көп түрлілігімен
ерекшеленеді. Мысалы, мишықтың дəнше тəрізді нейроциттерінің диаметрі 4
мкм, ал ми жартышары қыртысының ірі пирамида тəрізді нейрондарының
диаметрі 130 мкм. Пішіні мен мөлшеріне қарамастан, барлық нейроциттерге
тəн қасиет — рефлекторлық доғадағы байланыстарды қамтамасыз ететін
жасушалар өсінділерінің болуы. Нейроциттердің организмдегі орналаеу
орындары мен атқаратын қызметтеріне жəне жануарлардың түрлеріне
байланысты жасушалар өсінділерінің ұзындығы бірнеше микрометрден
(мкм) 1,5 - 2 м дейін болуы мүмкін. Атқаратын қызметіне сəйкес нейроцит
өсінділері: дендриттер жəне аксон (нейрит) болып екіге бөлінеді.
Деңцриттер жүйке толқынын сырттан (сыртқы жəне ішкі ортадан немесе
басқа
нейроциттер
аксондарынан)
қабылдап,
нейроцит
денесіне
(перикарионға) өткізетін тармақгы өсінділер, ал аксон нейроцит денесінде
өңделген
жүйке
толқынын
басқа
нейроциттер
дендриттеріне,
перикариондарына немесе орындаушы жұмысшы мүшелерге өткізетін өсінді.
Əр бір нейроцитте тек бір ғана аксон болады.
Өсінділерінің
санына
байланысты
нейроциттер:
бір
өсінділі
(униполярлы), екі өсінділі (биполярлы) жəне көп өсінділі (мультиполярлы)
болып үш топқа бөлінеді.
Достарыңызбен бөлісу: