147
көрінеді. Леммоциттердің цитоплазмасы мезаксон орамдарын тұзу кезінде
сыртқа қарай сығылып, миелин қабығының сыртқы бетіне ығысып шығады
да ішіндегі ұзын таяқша тəрізді ядроларымен бір қатар болып орналасып,
неврилемма (жүйке талшығының қабығы) — деп аталады. Шын мəнінде,
миелинді қабық пен неврилемма (бұрынғы Шванн қабығы) біліктік
цилиндрдің сыртында бір қабатта орналасқан нейролеммоциттердің
(олигодендроглия жасушалары) бөліктері: миелин қабығы леммоциттердің
тығызжанаса
қабаттасқан
плазмолеммаларынан
(мезаксоннан),
ал
неврилемма нейролеммоциттердің цитоплазмасы мен ядроларынан түзілген.
Көрші екі леммоциттердің шекарасында миелин қабығы тым жұқарады да,
жүйке талшығы осы жерде жіңішкеріп, түйінді үзілме (Ранвье үзілмесі)
пайда болады. Қатар жатқан екі түйінді үзілме аралығындағы миелинді
жүйке талшығының жуан бөлігін түйінаралық сегмент (бөлік) — деп атайды.
Əр бір түйінаралық сегмент — жеке нейролеммоцит, олардың шекаралары —
түйінді үзілме. Мезаксон оралымдарының түзілуі кезінде, қиғаш оралымдар
аралығындағы плазмолеммалар қуыстарында тым аз мөлшерде цитоплазма
бөліктері қалып қояды. Осы қиғаш орналасқан ақшыл түсті бөліктер - миелин
қабақг арының түйінаралық сегменттерінде əр жерде қиғаш кертік тəрізді
көрінеді. Бұларды миелин кертіктері (Лантерман кертігі) — деп атайды.
Біліктік цилиндрдің өзі нейролеммадан, оның куысындағы нейроплазмадан
жəне ұзынынан бойлай жатқан нейрофиламенттер мен нейро түтікшелерден,
цитоплазмадағы органеллалардан құралған. Жүйке талшықтары бір-бірімен
борпылдақ дəнекер ұлпалық аралықтар арқылы байланысып, жүйкелерді
құрайды. Əр бір жүйке талшығын сыртынан қаптаған негіздік жарғақ, оны
қоршаған дəнекер ұлпасынан бөліп тұрады.
Достарыңызбен бөлісу: