Миелинсіз жүйке талшығын біліктік цилиндр мен оны сыртынан
қаптап тұрған бір қабат нейролеммоциттер құрайды. Миелинді жүйке
талшығына қарағанда миелинсіз жүйке талшығы жіңішке болып келеді.
Миелинсіз жүйке талшықтарының орташа диаметрі 0,5-2 мкм - дей болады.
Олар жүйке толқындарын 0,6-0,8 м/сек. жылдамдықпен өткізеді. Біліктік
цилиндр (нейроциттің өсіндісі: дендрит, аксон) өте жіңішке құрылым. Ол
нейролеммамен
қапталған
нейроплазмадан
жəне
оның
ішіндегі
нейрофиламенттер мен нейротүтікшелерден құралған нейрофибриллалардан
тұрады. Біліктік цилиндрдің орташа диаметрі 15 — 40 нм тең. Бір миелинсіз
жүйке талшығының ішінде, əдетте, бірнеше біліктік цилиндр болады.
Оларды
қаптап
жатқан
леммоциттердің
плазмолеммалары
білікті
цилиндрлерді сыртынан орау кезінде бір-біріне тығыз жанасып, қабатталған
жарғақтық құрылымды құрайды. Бұл құрылым мезаксон — деп аталады.
Миелинсіз
жүйке
талшығының
сыртқы
қабығын
құрайтын
нейролеммоциттер
өте
жұқа
болғандықтан, олардың цитоплазмасы
көрінбейді. Тек, олардың ұзынша келген ядролары ғана анық көрінеді.
Нейролеммоциттердің ядролары біліктік цилиндрдің сыртында бір қатарда
орналасады.
74 — сурет. Миелинсіз (үлпектсіз) жүйке талшығы (Кахал бойынша).
Достарыңызбен бөлісу: |