146
(леммоциттерден тұрады) — деп атайды. Жүйке талшықтары жүйке
толқындарын (импульстерін) өткізу арқылы жүйке жүйесінің орталық
мүшелерін сезім жəне орындаушы мүшелермен байланыстырады. Жүйке
талшықтары құрылыс ерекшеліктеріне байланысты: миелинсіз (үлпексіз)
жəне миелинді (үлпекті) болып екі түрге бөлінеді. Миелинсіз жүйке
талшықтары негізінен ми мен жұлынның сұр затының жəне вегетативті
жүйке жүйесінің құрамына, ал миелинді жүйке талшықтары ми мен
жұлынның ақ затының жəне сомалық (дене мүшелері қызметтерін реттейді)
жүйке жүйесінің құрылымдық құрамына кіреді.
Достарыңызбен бөлісу: