ҚАҢҚА СҮЙЕКТЕРІНІҢ ТҮРЛЕРІ ЖƏНЕ ДАМУЫ
Қаңқа сүйектерінің пішіні, одардың қаңқадағы орналасу орындары мен
атқаратын қызметіне байланысты əр түрлі болып келеді. Жануарлар
қаңқасында ұзын, қысқа, жалпақ, аралас жəне ауалы сүйектер ажыратылады.
Ұзын сүйектерге (os longum) жіліктер мен қабырғалар жатады
Жіліктер құрлықта тіршілік ететін жануарлар аяқтарының дамуына
байланысты жетілген. Олар — іші қуыс түтікше сүйектер. Жіліктің жоғарғы
басын проксимальды эпифиз (epiphysis proximalis), төменгі басын дистальды
эпифиз (epiphysis distalis), -ал оның ортаңғы ұзын қатты денесін диафиз
(diaphysis) — деп атайды. Жілік бастарының негізін кемік сүйек заты
құрайды. Оларды сыртынан тығыз сүйек зағаның жұқа қабаты қаптап
тұрады. Диафиздің жілік майы орналасқан қуысы (cavum medullare) болады.
Қабырғалар ұзын имек сүйектерге жатады. Олар сыртынан тығыз сүйек
затының қабатымен қапталған. Қабырғалардың ішкі негізін кемік сүйек заты
құрайды. Оның ұлшықтарында сүйектің қызыл кемігі майы болады.
Достарыңызбен бөлісу: |