Сынаша сүйек денесі (corpus sphenoidale) өз кезегінде бір-бірімен түтаса
байланысқан екі сүйектік бөліктен: артқы ~ негізгі сынаша (os
basisphenoidale), алдыңғы — сынашаалды (osresphenoidale) бөліктерден
құралған.
Негізгі сынаша сүйек шүйде сүйек денесімен шектесіп, ет төмпешігін
құрайды. Оның мимен жанасатын ішкі дорсальды бетінде түрік ершігі (sella
turcica) атты құрылым орналасады. Түрік ершігінің орта тұсында гипофиз
шұңқыры (fossa hypophysis) болады. Ол алдыңғы жағынан ершік
төмпешігімен (tuberculum selle), ал артқы жағынан ершік арқалығымен
(dorsum selle) шек-телген. Түрік ершігінің алдыңғы бетіндегі қиылыс сайы
(sulcus chiasmatis) сынаша сүйек денесінің бүйіріндегі көру жүйкесі өзегімен
(canalis opticus) жалғасады. Сынаша сүйек денесі негізгі бөлігінің оң жəне сол
175
бүйірлерінен, оң жəне сол самай сүйектерімен жалғасып жататын жұп самай
Достарыңызбен бөлісу: |