Морфология



Pdf көрінісі
бет324/1132
Дата07.01.2022
өлшемі4,08 Mb.
#19191
1   ...   320   321   322   323   324   325   326   327   ...   1132
Байланысты:
Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы

Ерекшеліктері.  Жылқыда  самай  қанатының  артқы  жиегінде  үш  ойық 

болады.  Олар:  медиальды  –  ұйқы  ойығы  (incisura  carotica),  ортаңғы  -  жота 

ойығы (incisura spinosa), латерельды – сопақ ойығы (incisura ovalis). Самай 

қанатының  мимен  жанасатын  ішкі  бетіндегі  алмұртша  шұңқырдан  екі  сай 

шығады.  Олардың  медиальды  сайы  көздік  саңылаумен,  ал  латеральды  сайы 

дөңгелек  тесікпен  жалғасады.  Негізгі  сынаша  сүйек  қанатша  өсіндісінің 

басталатан жері екіге айырылып, қанат өзегін (canalis alaris) құрайды. Қанат 

өзегіне  үш  тесік  ашылады.  Олар:  алдыңғы  жəне  артқы  қанат  тесіктері 

(foramen alare rostrale et caudale) мен өзектің дорсальды қабырғасындағы кіші 

қанат  тесігі  (foramen  alare  parvum).  Сынаша  сүйек  қойнауы  жоғарғы  жақ 

сүйегі қойнауымен жалғасып жатады. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   320   321   322   323   324   325   326   327   ...   1132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет