кергіш бұлшық еттің жарты айшықты өзегі (semicanalis m. tensoris veli
palatini) жəне есту түтігінің жарты айшықты өзегі (semicanalis tubae
auditivae). Бұлардың біріншісі арқылы аталған бұлшық еттің сіңірі өтеді, ал
екінші өзек жұтқыншақтың қуысын дабыл сүйегі қуысымен жалғастырып
тұрады.
Есту түтігінің сыртқы жағымен кіші тастық жүйкенің өзегі (canalisn.
petrosi minoris), ал ішкі жағымен үлкен тастық жүйкенің өзегі (canalis n.
petrosi majoris) өтеді. Бұлармен қатар, ет өсіндісі мен сыртқы есту жолы
аралығында "дабылдық желі" атты жүйке өтетін өзекше (canalicus chordae
timpani) көрінеді.
Самай сүйектің тастық бөлігі (pars petrosum) есту-тепе-теңдік
мүшесінің қаңқасын құрайды. Ол самай сүйектің дорсо-медиальды бөлігін
құрайды. Тастық бөліктің сыртында самай сүйектің қабыршақтық жəне
дабылдық бөліктері орналасады. Тастық бөліктің емізікше өсіндісі (processus
mastoideus) дабылдық бөлік пен шүйде сүйектің мойындырық өсіндісі
аралығында орын тепкен. Емізікше өсінді, əсіресе, жылқыда жақсы жетілген.
Тастық бөліктің ішкі медиальды бетінде ішкі есту жолына (meatus acusticus
internus) апаратын ішкі есту жолының тесігі (porus acusticus intemus) айқын
көрінеді. Оның жоғарғы жағында, ми қорабының ішкі бетінде мишық
Достарыңызбен бөлісу: |