Морфология



Pdf көрінісі
бет333/1132
Дата07.01.2022
өлшемі4,08 Mb.
#19191
1   ...   329   330   331   332   333   334   335   336   ...   1132
Байланысты:
Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы

Маңдай  қабыршағы  (squama  frontalis)  маңдай  сүйектің  ең  жалпақ 

бөлігі. Оның мұрындық жиегі жылқыда үшкірленіп мұрын сүйекке, ал басқа 

үй жануарларында мұрын мен көзжасы сүйектері аралықтарына еніп тұрады. 

Сиырдың  маңдай  қабыршағында  мүйіз  өсінділері  болады.  Олардың 

пішіні  мал  тұқымына  байланысты.  Оң  жəне  сол  мүйіз  өсінділері  арасында, 

оларды  өзара  жалғастырып  тұратын  мүйізаралық  қыр  (crista  intercornualis) 

болады.  Мүйіз  өсіндісінің  жіңішкеріп  келіп,  маңдай  қабыршағына  бекитін 

жерін  мүйіз  өсіндісінің  мойны  (collum  processus  cornualis),  ал  мойыннан 

жоғары  жатқан оның  қалған бұдырлы бөлігін  мүйіз өсіндісінің тəжі  (corona 

processus cornualis) — деп атайды. 

Оң  жəне  сол  маңдай  қабыршақтары  бір-бірімен  сагиттальды  жиектер 

(margo sagittalis) арқылы байланысып, маңдай жігін құрайды. Маңдай жігінің 

ішкі  бетіндегі  маңдай  қыры  (crista  frontalis)  ростральды  (алдыңғы)  бағытта 

əтеш айдарына жалғасады. 



180 

 

Сыртқы  бүйірге  қарай  бағытталған  мандай  қабыршағының  бет  өсіндісі 



(processus  zygomaticus)  қабыршақтың  сыртқы  латеральды  жиегін  көздікүсті 

жəне төбе боліктеріне боледі. 

Маңдай  қабыршағының  көздікүсті  жиегіне  (margo  supraorbital)  жақын 

жатқан  көздікүсті  тесігін  (foramen  supraorbitalis)  көруге  болады.  Аталған 

тесік  жылқыда  бет  осіндісінің  мандай  қабыршағынан  шығатын  жерінде 

орналасады.  Сиырда  бұл  тесік  қатарынан  жатқан  екі  тесіктен  тұрады. 

Көздікүсті  тесік  арқылы  тамырлар  мен  жүйкелер  өтеді.  Ал  мандай 

қабыршағының  төбе  жиегі  (margo  parietalis)  самай  сызығымен  жалғасып 

кетеді. 

Маңдай  қойнауы  ішкі  жағынан  сагиттальды  жəне  көптеген  көлденең 

сүйектік перделермен бөліктерге бөлінеді. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   329   330   331   332   333   334   335   336   ...   1132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет