Морфология


қыры (crista nasalis) болады.  Сиырда



Pdf көрінісі
бет341/1132
Дата07.01.2022
өлшемі4,08 Mb.
#19191
1   ...   337   338   339   340   341   342   343   344   ...   1132
Байланысты:
Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы

қыры (crista nasalis) болады. 

Сиырда  жоғарғы  жақ  сүйектің  тандай  өсінділерінде  таңдай  қойнауы 

(sinus  palatinus)  болады.  Ол  сынаша  сүйек  қойнауымен  жалғасып  жатады. 

Басқа жануарларда аталған қойнау болмайды. 

Жоғарғы  жақ  сүйектің  бет  жағында  (facies  facialis)  сиыр  мен  ұсақ 



малдарда бет төмпегі (tuber facialis), жылқы мен шошқада бет қыры (crista 

facialis)  болады.  Оның  жоғарғы  жағында  көздікасты  өзектің  тесігі  көрінеді. 

Көздікасты  өзектен  күрек  жəне  азу  тістерге  қан  тамырлары  мен  жүйкелерді 

өткізетін альвеолалық езектер (canales alveolares) таралады. 

Жоғарғы жақ сүйектің мұрын куысына қараған бетін мұрын беті (facies 

nasalis)  дейді.  Аталған  бетте  вентральды  мұрын  кеуілжірі  бекитін  кеуілжір 



қыры (crista conchalis) болады. Жоғарғы жақ сүйектің сыртқы беті жəне ішкі 

мұрын  тақташаларының  арасындағы  куысты  жоғарғы  жақ  сүйек  қойнауы 

(sinus maxillaris) немесе Гаймор қойнауы — деп атайды. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   337   338   339   340   341   342   343   344   ...   1132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет