Морфология


БАССҮЙЕК БЕТ БӨЛІМІНІҢ СҮЙЕКТЕРІ



Pdf көрінісі
бет337/1132
Дата07.01.2022
өлшемі4,08 Mb.
#19191
1   ...   333   334   335   336   337   338   339   340   ...   1132
 

БАССҮЙЕК БЕТ БӨЛІМІНІҢ СҮЙЕКТЕРІ 

 

Бассүйектің бет бөлімі (cranium viscerale, s. splanchnocranium) сүйектері 

ауыз жəне мұрын куыстары мен сезім мүшелерінің сүйектік қабырғаларының 

негізін құрайды. Бет бөлімі сүйектеріне: жұп — мұрын, көзжасы, бет, тандай, 

тұмсық,  төменгі  жақ,  жоғарғы  жақ,  мұрын  кеуілжірі  жəне  тақ  —  соқаша, 

тіласты, танау (шошқада) сүйектері жатады. 



182 

 

Мұрын сүйек (носовая кость) — os nasale — мұрын қуысының төбесін 

құрайтын  жалпақ  сүйек.  Оның  ішкі  бетіндегі  (facies  interna)  торлы  қырға 

(crista  ethmoidalis)  дорсальды  мұрын  кеуілжірі  бекиді.  Ал  мұрын  сүйектің 

сыртқы  беті  (facies  externa)  дөңес  болып  келеді.  Бұл  сүйектің  артқы  жиегі 

маңдай  сүйекпен,  сыртқы  бүйір  жағы  жоғарғы  жақ  жəне  тұмсық  сүйекпен, 

төменгі  жиегі  торлы  сүйекпен,  медиальды  шеті  аттас  мұрын  сүйекпен 

байланысып,  мұрын  қуысының  сүйектік  қабырғасы  негізін  түзуге  қатысады. 

Мұрын сүйектің артқы жиегі жылқыда дөңгеленіп келеді. Ал оның алдыңғы 

шеті  жылқы  мен  шошқада  сүйір  болып  келеді,  калған  жануарларда  екі 

айырылып тұрады. 

Көзжасы сүйегі (слезная кость) — os lacrimale — бір-бірімен тік бұрыш 

жасай  орналасқан  бет  жəне  көздік  бөліктерден  құралған.  Бет  бөлігі  (facies 

facialis)  маңдай  жəне  мұрын  сүйектерімен  байланысып,  мұрын  қуысының 

бүйір  қабырғасын  түзуге  қатысады.  Көздік  бөлігі  (facies  orbitalis)  көз 

шарасының (аңғалақтың) ойыс келген төменгі алдыңғы қабырғасын құрайды. 

Бұл  бөлікте  көзжасы  қапшығының  шұңқыры  (fossa  sacci  lacrimalis) 

орналасады.  Көздік  бөлікте  көзжасы  қапшығын  көзжасы  өзегімен  (canalis 

lacrimalis) жалғастыратын көзжасы тесігі (foramen lacrimale) жақсы көрінеді. 

Көзжасы  сүйегі  жылқыда  каудальды  жоғарғы  жақ  қойнауын  (sinus 

maxillaris  caudalis),  сиырда  көзжасы  қойнауын  (sinus  lacrimalis),  шошқада 

латеральды  ростральды  маңдай  қойнауын  (sinus  frontalis  rostralis  lateralis), 

ұсақ малдарда латеральды маңдай қойнауын (sinus frontalis lateralis) жасауға 

қатысады. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   333   334   335   336   337   338   339   340   ...   1132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет