182
Мұрын сүйек (носовая кость) — os nasale — мұрын қуысының төбесін
құрайтын жалпақ сүйек. Оның ішкі бетіндегі (facies interna) торлы қырға
(crista ethmoidalis) дорсальды мұрын кеуілжірі бекиді. Ал мұрын сүйектің
сыртқы беті (facies externa) дөңес болып келеді. Бұл сүйектің артқы жиегі
маңдай сүйекпен, сыртқы бүйір жағы жоғарғы жақ жəне тұмсық сүйекпен,
төменгі жиегі торлы сүйекпен, медиальды шеті аттас мұрын сүйекпен
байланысып, мұрын қуысының сүйектік қабырғасы негізін түзуге қатысады.
Мұрын сүйектің артқы жиегі жылқыда дөңгеленіп келеді. Ал оның алдыңғы
шеті жылқы мен шошқада сүйір болып келеді, калған жануарларда екі
айырылып тұрады.
Көзжасы сүйегі (слезная кость) — os lacrimale — бір-бірімен тік бұрыш
жасай орналасқан бет жəне көздік бөліктерден құралған. Бет бөлігі (facies
facialis) маңдай жəне мұрын сүйектерімен байланысып, мұрын қуысының
бүйір қабырғасын түзуге қатысады. Көздік бөлігі (facies orbitalis) көз
шарасының (аңғалақтың) ойыс келген төменгі алдыңғы қабырғасын құрайды.
Бұл бөлікте көзжасы қапшығының шұңқыры (fossa sacci lacrimalis)
орналасады. Көздік бөлікте көзжасы қапшығын көзжасы өзегімен (canalis
lacrimalis) жалғастыратын көзжасы тесігі (foramen lacrimale) жақсы көрінеді.
Көзжасы сүйегі жылқыда каудальды жоғарғы жақ қойнауын (sinus
maxillaris caudalis), сиырда көзжасы қойнауын (sinus lacrimalis), шошқада
латеральды ростральды маңдай қойнауын (sinus frontalis rostralis lateralis),
ұсақ малдарда латеральды маңдай қойнауын (sinus frontalis lateralis) жасауға
қатысады.
Достарыңызбен бөлісу: