Морфология


Дорсальды жəне вентральды мұрын кеуілжірлері



Pdf көрінісі
бет342/1132
Дата07.01.2022
өлшемі4,08 Mb.
#19191
1   ...   338   339   340   341   342   343   344   345   ...   1132
Байланысты:
Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы

Дорсальды жəне вентральды мұрын кеуілжірлері (дорсальные и вент-

ральные  носовые  раковины)  —  conchae  nasalis  dorsalis  et  ventralis  —  мұрын 

куысының оң жəне сол бүйір қабырғаларында орналасқан, оралымдар түзетін 

тым  жұқа  сүйек  тақташалардан  тұратын  жұп  сүйек.  Дорсальды  кеуілжір 

мұрын  сүйек  қыры  мен  торлы  сүйекке,  ал  вентралды  кеуілжір  жоғарғы  жақ 

сүйек қырына бекиді. Бұл сүйектердің əр түрлі жануарларда түрліше пішінде 

оралымдар  түзуі  жануарлар  тіршілігіне  сəйкес  мұрын  қуысы  кілегейлі 

қабығының ауамен жанасу ауданын əр түрлі деңгейде ұлғайтады. 



Соқаша сүйек (сошник) — vomer — пішіні соқаға ұқсас, ұзынша келген 

тақ  сүйек.  Ол  өзінің  қанатымен  (ala  vomeris)  каудальды  бағытта  сынаша 

сүйектің  денесімен,  ал  краниальды  ұшымен  мұрын  қуысы  түбіндегі  қырға 



184 

 

жалғасады. Соқаша сүйектің дорсальды сайында мұрын куысын екіге бөлетін 



шеміршекті  перде  орналасады.  Соқаша  сүйек  мұрын  қуысының  шығаберіс 

тесігі — хоана тесігін тең екі тесікке бөледі. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   338   339   340   341   342   343   344   345   ...   1132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет