Морфология



Pdf көрінісі
бет344/1132
Дата07.01.2022
өлшемі4,08 Mb.
#19191
1   ...   340   341   342   343   344   345   346   347   ...   1132
Байланысты:
Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы

таңдай  саңылауы  (fissura  palatina)  болады.  Ол  арқылы  мұрын  жəне  ауыз 

қуыстарын байланыстырып тұратын мұрын-таңдай өзегі өтеді. 



Ерекшеліктері: Жылқының тұмсық сүйегінде ірі күрек тістер болады. 

Сондықтан, ол көлемді келеді. Күйіс қайтаратын жануарларда күрек тістер 

болмайды.  Бұл  жануарлардың  тұмсық  сүйектері  жалпақ  пішінді  сүйек 

тақташаға  ұқсайды.  Шошқада  тұмсық  сүйектің  екі  бүйірі  қысыңқы  келіп, 

күрек тістері сирек орналасады. Итте ол сүйір пішінді болып келеді. 

Бет  сүйек  (скуловая  кость)—  os  zygomaticum  —  бет  бөлімнің  бүйір 

қабырғасын құрауға қатысады. Бет сүйектің латеральды беті (facies lateralis) 

жəне көздік беті (facies orbitalis) болады. Сүйектің латеральды бетінде үлкен 

шайнау бұлшық еті бекитін бет қыры (crista zygomatica) көрінеді. Көздік бет 

көз  шарасының  вентральды  жиегін  құрайды.  Бет  сүйектің  самай  өсіндісі 

(processus temporalis)  самай  сүйектің  бет  өсіндісімен  (processus  zygomaticus) 

жалғасып, бет доғасын (arcus facialis) түзеді. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   340   341   342   343   344   345   346   347   ...   1132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет