ӨКПЕ
Өкпе (легкие) — pulmones — пішіні конус тəрізді, кұрылысы қомақгы
көкірек қуысында орналасқан (оң өкпе — pulmo dexter жəне сол өкпе —
pulmo sinister) паренхималы газ алмасу мүшесі. Көлемді келген өкпе негізі
(basis pulmones) каудальды бағытта, ал жіңішкелеу келген өкпе төбесі (apex
pulmones) краниальды бағытта орналасады. Өкпенің дорсальды жиегі
немесе доғал жиегі (margo dorsalis s. obtusus) омыртқа бағаны жағына, ал
қырлы жиегі (margo acutus) вентральды жаққа қараған. Көкірек қуысының
сол жағында жүрек орналасқандықтан, оң өкпе көлемі жағынан сол өкпеге
қарағанда үлкен келеді. Төменгі бөлікаралық сайлар арқылы өкпе бөліктерге
бөлінеді. Сол өкпе үш бөліктен: краниальды бөліктен (lobus cranialis),
Достарыңызбен бөлісу: |