бронхтар тарамын (arbor bronchialis) құрайды. Бронхтар тарамында газ
алмасу процесі жұрмейді. Бронхтар тыныс жолдарына жатады. Бұлардың
куыстарында ауа тазаланып, ылғалданып, жылып, өкпенің газ алмасу
(респираторлы) бөліміне өтеді.
158 - сурет. Өкпе А — сиыр, Б — жылқы; I — сол жағынан, II — оң жағынан
1 - кеңірдек, 2 — көкірек ортасы беті, 3 — доғал жиек, 4 — қабырғалық бет, 5 -
краниальды бөлік, 6 — ортаңғы бөлік, 7 — қырлы жиек, 8 — каудальды бөлік,
9 — ортаңғыкаудальды бөлік.
Бронхтар (ауатамырлар) тарамы
Бронхтар орналасу орындарына, құрылысына жəне арнасының
диаметріне байланысты кеңірдектен кезегімен таралып, төмендегідей
бронхтарға ажырайды. Олар: негізгі бронхтар, ірі бронхтар, орта бронхтар,
кіші бронхтар. Кіші бронхтардан бронхиолалар таралып, бронхтар тарамы
соңғы (терминальды) бронхиоламен аяқталады.
Достарыңызбен бөлісу: |