Морфология



Pdf көрінісі
бет687/1132
Дата07.01.2022
өлшемі4,08 Mb.
#19191
1   ...   683   684   685   686   687   688   689   690   ...   1132
Байланысты:
Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы

Негізгі  бронхтың  құрылысы  кеңірдек  қабырғасының  құрылысына 

ұқсас,  яғни  кеңірдек  қабырғасындағы  қабықтар  мен  қабаттардан  тұрады. 

Айырмашылығы:  кеңірдекке  қарағанда  оның  арнасының  диаметрі  кішілеу 

келеді жəне шеміршек сақиналары тұйықталған. Оң негізгі бронхтың арнасы 

сол негізгі бронхтың арнасына қарағанда кеңдеу келеді. 

Ірі  бронхтар  арқылы  ауа  өкпе  бөліктеріне  өтеді.  Сондықтан,  олардың 

саны  өкпе  бөліктерінің  санына  сəйкес  келеді.  Ірі  бронхтың  қабырғасы  да, 

ішкі кілегейлі, ортаңғы етті жəне сыртқы адвентиция қабықтарынан тұрады. 

Кеңірдек  пен  негізгі  бронхтардың  кілегейлі  қабықтары  үш  қабаттан: 

эпителийден,  өзіндік  тақташадан  жəне  кілгейліасты  негізден  тұратындығы 

белгілі.  Ал  ірі  бронхтың  кілегейлі  қабығында,  өзіндік  тақташа  мен 

кілегейліасты негіз қабаттарының аралығында бірыңғай салалы ет ұлпасынан 

құралған  етті  тақташа  пайда  болады.  Демек,  бұлардың  кілегейлі  қабығы 

төрт  қабаттан:  эпителий,  өзіндік  тақгаша,  етті  тақташа  жəне  кілегейліасты 

негіз  қабаттарынан  тұрады.  Ортаңғы  талшықтышеміршекті  қабықты 




320 

 

(кеңірдек  пен  негізгі  бронхта  шеміршек  сақаналары  құрайды)  гиалинді 



шеміршек  тақташалары  құрайды.  Тұтас  шеміршек  сақиналары  болмайды. 

Сыртқы қабығы — адвентиция. 



Орта  бронхтар  өкпе  бөліктерінің  паренхимасы  ішінде  орналасады. 

Олардың  қабырғаларының  құрылысы  ірі  бронхтар  қабырғалар  құрылысына 

ұқсас.  Тек,  кілегейлі  қабығының  етті  қабаты  тым  жақсы  жетілген,  ортаңғы 

қабығында 

шеміршек 

тақташаларының 

саны 

азаяды. 


Соңғы 

орта 


бронхтардың  ортаңғы  қабығындағы  шеміршек  тақташалары  эластин 

шеміршегінен құралған. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   683   684   685   686   687   688   689   690   ...   1132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет