Морфология



Pdf көрінісі
бет700/1132
Дата07.01.2022
өлшемі4,08 Mb.
#19191
1   ...   696   697   698   699   700   701   702   703   ...   1132
Байланысты:
Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы

Тұрақты бүйрек немесе жамбастық бүйрек (metanephros s. ren) аралық 

бүйректен кейін, 31-32  -нші дене  сегменттері  тұсыңда  қомақты  мүше болып 

қалыптасады.  Тұрақты  бүйрек  бауырымен  жорғалаушылар,  құстар  жəне 

сүтқоректілер сыныптары өкілдеріне тəн. 

Үй жануарларының онтогенезінде бүйрек мезодерманың нефротомынан 

(сегменттік  аяқшалардан)  дамиды.  Даму  кезіңде,  іштөлі  денесінде  ол 

филогенездегі  бастапқы,  аралық  жəне  тұрақты  бүйректер  сатыларын 

қайталап  өтеді.  Бастапқы  бүйректің  қалыптасуы  дене  сегменттерінің  бас 

аумағында  тым  жедел  жүреді.  Сондықтан,  оның  сүтқоректілердегі  даму 

процесінің  мерзімін  анықтау  қиынға  соғады.  Бастапқы  бүйректен  кейін 

қалыптасатын аралық бүйрек іштөлі организмінде уақытша зəр түзу қызметін 

атқарады.  Ал  клоакалы  жануарларда  (үйректұмсық,  ехидна)  жəне  қалталы 

(кенгуру  жəне  т.б.)  сүткоректілерде  аралық  бүйрек  эмбриондық  кезеңнен 

кейін де, зөр түзу қызметін біраз уақыт жалғастырады. Аралық бүйректің зəр 

шығару  өзегі  несепағар  —  деп  аталады  да,  клоакаға  ашылады.  Аралық 

бүйректен  кейінгі  жамбас  сегменттерінде  тұрақты  бүйрек  қалыптасады. 

Оның  негізгі  зəр  түзуші  бөлігі  нефрондар,  мезодерма  нефротомының 

нефрогенді  ұлпасынан,  ал  бүйрек  түбегі  мен  несепағар  аралық  бүйрек 

несепағарының  соңғы  бөлігінен  дамиды.  Куық  пен  несепшығар  өзегі 

аллантоис пен клоакадан жетіледі.       



 


326 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   696   697   698   699   700   701   702   703   ...   1132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет