кыртысты аймақ (cortex renis), ішкі несеп өткізгіш бозғылт аймақ (medulla
renis) жəне осы екеуінің аралығындағы қоңыр түсті, ірі қан тамырлары өтетін
шекаралық аймақ (zona intermedia).
Бүйректің кыртысты аймағында қаннан зəрдін түзілуін іс жүзіне
асыратын қоңыр-қызыл түсті көптеген ұсақ бүйре денешіктері (corpuscula
renis) мүшенін сыртынан ішіне қарай қатарласып
орналасады. Оларды бір-
бірінен сəуле тəрізді өтетін ішкі өзекшелер қатарлары ажыратып тұрады.
Бүйрек денешіктерінің кұрылысын микроскоп арқылы ғана анық көруте
болады. Ішкі бозғылт аймақ бүйрек пирамидаларынан (pyramides renales)
құралған. Пирамидалардың табандары буйректің шетіне қарай орналасып,
олардан бүйректің қыртысты аймағына карай ішкі сəулелер кетеді. Ал
бүйректің ішкі жағына қарай бағытталған пирамидалардың төбелері бүйрек
емізікшелері (papilla renalis) — деп аталады. Шекаралық аймактағы доғалық
артериялардан
бүйректің
қыртысты
аймағына
сəулелі
(радиальды)
артериялар тарамдалады. Аталған артериялардың екі жағында қатар-қатар
болып, бүйрек денешіктері орналасады.
Достарыңызбен бөлісу: |