Морфология



Pdf көрінісі
бет717/1132
Дата07.01.2022
өлшемі4,08 Mb.
#19191
1   ...   713   714   715   716   717   718   719   720   ...   1132
Байланысты:
Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы

 

Юкстагломерулалы кешен несеп белуге қажет қан қысымын реттейтін 

жəне  су  мен  электролиттердің  кері  сорылуына  ықпалын  тигізетін  ренин 

гормонын бөледі. Аталған кешенді дистальды өзекшенің тығыз дағы, əкелгіш 

артериола қабырғасындағы эпителий тəрізді (юкстагломерулалы) жасушалар, 

əкелгіш  жəне  өкеткіш  артериолалар  аралығындағы  жасушалар  (Гурмагтиг 

жасушалары) құрайды. 



Несеп  өткізгіш  жолдар  құрылысы  түтікше  мүшелер.  Бұл  мүшелерге 

несепағар,  қуық  жəне  несепшығар  өзегі  жатады.  Олардың  қабырғаларын: 

ішкі кілегейлі, ортаңғы етті жəне сыртқы сірлі немесе адвентиция қабықтары 

құрайды. 



Несепағар  (мочеточник)  —  ureter  —  бүйрек  түбегінен  басталып,  бел 

аумағы  арқылы  жамбас  қуысындағы  қуыққа  дейін  созылған  түтікше  мүше. 

Ол  құрсақ  қуысындағы  қысқа  қатпарға  ілініп,  оның  бүйір  қабырғасында 

орналасады.  Ал  жамбас  қуысында  несепағар  несеп-жыныс  қатпарының 

құрамында қуықтың жоғарғы қабырға-сымен жанасып, оған қиғаштала еніп, 



333 

 

3-5 см -дей аралықта етті жəне кілегейлі қабықтардың арасымен өтіп барып, 



куық  қуысына  ашылады.  Несепағардың  бұлай  куық  қабырғасымен  өтіп, 

қуықтың  қуысына  ашылуы  зəрдің  бүйректен  қуыққа  тек  бір  бағытта  ғана 

ағуына жағдай тудырады. Зəр қуық қуысынан кері несепағарға өте алмайды. 

Себебі,  қуық  зəрге  толған  сайын,  оның  етті  қабығы  несепағарды  сыртқы 

жағынан қысып, зəрдің кері несепағарға өтуіне мүмкіндік бермейді. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   713   714   715   716   717   718   719   720   ...   1132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет