Морфология



Pdf көрінісі
бет725/1132
Дата07.01.2022
өлшемі4,08 Mb.
#19191
1   ...   721   722   723   724   725   726   727   728   ...   1132
Байланысты:
Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы

 

КӨБЕЮ МҮШЕЛЕРІ 

 

Кебею мүшелері (органы размножения) — organa genitalia — жануарлар 

түрдерінің саҚталуы мен Ұдайы көбеюін қамтамасыз ететін ішкі мүшелердің 

жиынтығы.  Жануарлардың  көбею  мүшелері  бірнеше  белімдерден  тұрады. 

Олар:  жыныс  бездері  (еркек  жануарларда  ен,  ұрғашы  жануарларда 

жұмыртқалық);  жыныс  жолдары  (еркек  жануарларда  ен  қосымшасы,  шəует 

жолы,  несеп-жыныс  өзегі;  ұрғашы  жануарларда  жатыр  түтігі  (жұмыртқа 

жолы),  жатыр;  қосалқы  жыныс  бездері  (еркек  жануарларда  қуықалды, 

баданалық,  көпіршікше);  жыныстық  қатынас  мүшелері  (еркек  жануарларда 

жыныстық  мүше  (пенис),  ұрғашы  жануарларда  сыртқы  жыныс  мүшелері, 

несеп-жыныс кіреберісі жəне қынап). Жыныс бездерінде кыныс жасушалары 

(сперматозоидтар,  овоциттер)  дамып,  көбею  процесін  реттейтін  гормондар 

түзіледі.  Жыныс  жолдары  ұрықтану  процесі  мен  ұрықтың  дамуын 

қамтамасыз  етеді.  Эмбриондық  кезенде  жыныс  бездерінің  паренхимасы 

мезодерманың  нефрогонадотомынан,  ал  стромасы  мезенхимадан  дамиды. 

Жыныс  жасушалары  сарыуыз  қапшығы  қабырғасында  жетіліп,  қан  арқылы 

болашақ  жыныс  бездеріне  келіп  қоныстанған  гаметобласттардан  дамиды. 

Жыныс  бездеріндегі  жыныс  жасушаларының  дамып,  пісіп  жетілуін 

қамтамасыз ететін тіректік жасушалар (еңде сустентоциттер, жұмыртқалыкта 

фолликулалық  жасушалар)  мезотелийдің  жыныс  қатаарынан  (буылтығынан) 

дамиды. Гормондар бөлетін эндокриноциттер мезенхимадан жетіледі. 




336 

 

Көбею  мүшелері  жануарлардың  жынысына  байланысты  еркек  (аталык) 



жəне ұрғашы (аналық) жануарлардың көбею мүшелері болып екіге бөлінеді. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   721   722   723   724   725   726   727   728   ...   1132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет