Морфология


Қуыктың  гистологиялық  құрылысы



Pdf көрінісі
бет721/1132
Дата07.01.2022
өлшемі4,08 Mb.
#19191
1   ...   717   718   719   720   721   722   723   724   ...   1132
Байланысты:
Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы

Қуыктың  гистологиялық  құрылысы.  Куықтың  қабырғасы  да 

кілегейлі,  етті  жəне  сірлі  (адвентиция)  қабықтардан  тұрады.  Қуықтың 

кілегейлі  қабығы  үш  қабагган  тұрады.  Кілегейлі  қабықтың  ішкі  бетін 

көпқабатты жалпақ ауыспалы эпителий қабаты астарлайды. Оның астындағы 

өзіндік  тақташа  борпылдақ  дəнекер  ұлпасынан  тұрады.  Кілегейлі  қабықтың 

ортаңғы етті қабықпен шектесетін сыртқы кілегейліасты негіз де, борпылдақ 

дəнекер  ұлпасынан  құралған.  Өзіндік  тақташа  мен  кілегейліасты  йегізде, 

зəрге толғанда қуық қабырғасының созылып, ал зəрден босағаннан соң, оның 

қайтадан  қалпына  келуіне  ықпалын  тигізетін  эластин  талшықтары  көптеп 

кездеседі.  Кілегейлі  қабықтағы  кілегейліасты  негіздің  жақсы  жетілуі 

қуықтың  кілегейлі  қабығының  қатпарлы  болып  келуіне  əсерін  тигізеді. 

Сондықтан,  қуықтың  қабырғасы  өте  созылғыш  келеді.  Тек,  қуықтың  мойны 

тұсында  ғана  кілегейлі  кдбықта  кілегейліасты  негіз  болмайды.  Осыған 

байланысты  қуық  мойнының  ішкі  бетінде  қатпарлар  да  болмайды.  Ортаңғы 

етті қабығының құрылысы несепағар қабырғысының құрылысына ұқсас, яғни 

ол  ішкі,  сыртқы  ұзынша  жəне  олардың  арасындағы  ортаңғы  сақинаша 

бірыңғай  салалы  ет  ұлпасының  миоциттер  қабаттарынан  тұрады.  Етті 

қабықтың  ортаңғы  сақинаша  қабаты  қуық  мойнында,  оның  қысқыш  етіне 

айналады.  Қуықтың  төбесі  мен  денесі  сыртынан  сірлі  қабықпен,  ал  мойны 

адвентиция қабығымен қапталған. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   717   718   719   720   721   722   723   724   ...   1132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет