335
Несепшығар өзегінің гистологиялық құрылысы. Түтікше мүше
ретінде несепшығар өзегінің қабырғасы да үш қабықтан: кілегейлі, етті жəне
адвентиция қабықтарынан тұрады. Жануарлардың түрлеріне жəне өзектің
басталар, ортаңғы, соңғы бөлімдеріне байланысты несепшығар өзегінің
кілегейлі қабығын көпқабатты ауыспалы немесе көпқабатты призма тəрізді,
болмаса көпқабатты жалпақ эпителий астарлайды. Өзіндік тақташаны
борпылдақ дəнекер ұлпасы құрайды. Бұл қабатта эластин талшықтары
болады. Етті қабығы бірыңғай салалы ет ұлпасының ішкі ұзынша жəне
сыртқы сақинаша қабаттарынан құралған. Оның сыртқы қабығы адвентиция.
Достарыңызбен бөлісу: