құрсақ қуысының енқаптағы жалғасы.
345
Өзіндік қынаптық қабық (tunica vaginalis proprium) құрсақ қуысы сірлі
қабығы висцеральды ішпердесінің ұмадағы бөлігі. Ол ен мен ен қосымшасын
тікелей қаптап, жалпы қынаптық қабықтың сірлі қабатына ауысып, ен
шажырқайын түзеді. Ол шəует жолының артқы жиегін тұтасымен ұма
қабырғасына байланыстырып, шап өзегіне жақындағанда жалпақ қынаптық
қабықтың сірлі қабатына айналады. Ен шажырқайы өзінің төменгі бөлігімен
ен қосымшасының құйрықтарын өзара жалғастырып тұрған еннің арнайы
байламын жəне оның жалғасы шап байламын қоршап жатады. Шап байламы
енді жалпы қынаптық қабықпен байланыстырады.
Достарыңызбен бөлісу: