Морфология



Pdf көрінісі
бет742/1132
Дата07.01.2022
өлшемі4,08 Mb.
#19191
1   ...   738   739   740   741   742   743   744   745   ...   1132
Байланысты:
Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы

əкеткіш  өзекшелер  (ductuli  aberrantes)  құрайды.  Олар бір-бірімен  қосылып, 

ен  қосымшасының  өзегін  (ductus  epididymidis)  түзеді.  Бұл  өзек  ен 

қосымшасының  денесі  мен  құйрығын  құрайды.  Ен  мен  ен  қосымшасын 

сыртынан  қаптайтын  өзіндік  қынаптық  қабық  (сірлі  қабық),  ен  мен  ен 

қосымшасын  бір-бірімен  өзара  жəне  оларды  енқаппен  байланыстырып,  ен 



шажырқайын (mesorchium) құрайды. 

Ен қосымшасы өзегі қабырғасының гистологиялық кұрылысы. Ен 

қосымшасы  өзегінің  қабырғасы  да  екі  қабаттан  тұрады.  Оның  ішкі  бетін 

бірқабатты  екіқатарлы  эпителий  астарлайды.  Эпителий  қабаты  екі  түрлі 

эпителиоциттерден  тұрады.  Призма  тəрізді  секреторлы  эпителиоциттердің 

сопақ  келген  ядролары  негіздік  жарғақтан  жоғарырақ  бір  қатарда 

орналасады.  Олар  сел  бөледі.  Екінші  аласа  келген  текше  тəрізді 

эпителиоциттердің  дөңгелек  ядролары  негіздік  жарғақкд  жақын  бір  қатарда 

жатады. Бұлар камбиальды қызмет атқаарады. Сыртқы дəнекер ұлпалық-етті 

қабатын  құрамында  бірыңғай  салалы  ет  ұлпасының  миоциттері  бар  дəнекер 

ұлпалық қабықша құрайды. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   738   739   740   741   742   743   744   745   ...   1132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет