Қуықалды бездің гистологиялық құрылысы. Без құрылысы жағынан
қүрделі көпіршікше-түтікше бездерге жатады. Куыкдлды безінің құрылысы,
олардың орналасу орындарына байланысты. Без сыртынан дəнекер ұлпалық-
етті қапшықпен қапталған. Қапшықтан бездің ішіне қарай дəнекер ұлпалық-
етті перделіктер тарала еніп, без паренхимасын бөлікшелерге бөледі.
Бөлікшелерді қабырғасы бірқабатты (эпителиоциттердің биіктігі əр түрлі
жануарларда түрліше) безді эпителийден тұратын, секреторлы соңғы
бөлімдер құрайды. Соңғы бөлімдерден шығатын өзекшелер бір-бірімен
қосылып, несеп-жыныс өзегіне ашылатын куықалды безінің негізгі өзегін
құрайды. Оның қабырғасы көпқабатты ауыспалы эпителийден тұрады.
Қуықалды безінің секреті шəуетпен бір мезгілде бөлініп, қышқылдық ортаны
бейтараптандырып, сперматозоидтардың қрімыл-қозғалысын арттырады.
Баданалық без (glandula bulbourethralis) несеп-жыныс өзегінің
(уретраның) жамбастық бөлімінің соңғы бөлігінде орналасқан жұп без.
Баданалық безді жоғарғы жағынан бадана-кеуекті бұлшық ет (m.
bulbocavernosus) жауып жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |