Морфология


Еннің сыртқы котергіш бұлшық еті



Pdf көрінісі
бет744/1132
Дата07.01.2022
өлшемі4,08 Mb.
#19191
1   ...   740   741   742   743   744   745   746   747   ...   1132
Байланысты:
Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы

Еннің сыртқы котергіш бұлшық еті (m. cremaster externus) құрсақтың 

ішкі  қиғаш  бұлшық  етінің  енқаптағы  жалғасы.  Жалпы  қынаптық  қабық 

(tunica  vaginalis  communis)  екі:  сыртқы  талшықты  немесе  фиброзды 

қабаттан (lamina fibrosa) жəне ішкі сірлі қабаттан (lamina serosa) құралған. 

Ұма  мен  жалпы  қынаптық  қабық  борпылдақ  дəнекер  ұлпасы  арқылы 

байланысып, енқапты түзеді. Енқаптың сірлі қабықпен астарланған куысы — 

қынаптық  қуыста  (cavum  vaginalis)  сірлі  сұйық  болады.  Қынаптық  куыс 

құрсақ қуысының енқаптағы жалғасы. 




345 

 

Өзіндік қынаптық қабық (tunica vaginalis proprium) құрсақ қуысы сірлі 

қабығы висцеральды ішпердесінің ұмадағы бөлігі. Ол ен мен ен қосымшасын 

тікелей  қаптап,  жалпы  қынаптық  қабықтың  сірлі  қабатына  ауысып,  ен 



шажырқайын  түзеді.  Ол  шəует  жолының  артқы  жиегін  тұтасымен  ұма 

қабырғасына  байланыстырып,  шап  өзегіне  жақындағанда  жалпақ  қынаптық 

қабықтың сірлі қабатына айналады. Ен шажырқайы өзінің төменгі бөлігімен 

ен  қосымшасының  құйрықтарын  өзара  жалғастырып  тұрған  еннің  арнайы 

байламын жəне оның жалғасы шап байламын қоршап жатады. Шап байламы 

енді жалпы қынаптық қабықпен байланыстырады. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   740   741   742   743   744   745   746   747   ...   1132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет