5. Беткей мойын артериясы (поверхностная шейная артерия) — a.
cervicalis
superficialis
—
бірінші қабырғаның тұсында бұғанаасты
артериясынан басталады. Беткей мойын артериясы өз кезегінде төмендегідей
тармақтарға ажырайды:
1) өрлеме мойын артериясы (a. cervicalis ascendens) беткей мойын
артериясынан иық буынының тұсында ажырайды. Одан соң ол кеңірдектің
төменгі жағындағы бұлшық еттерге бағытталып, аталған аумақгағы бұлшық
еттерді артерия қанымен қамтамасыз етеді;
2) төмендеген тармақ (r. descendens) латеральды кеуде сайында
орналасады. Бұл тармақтан: а) жауырыналды артерия (a. prescapularis)
бөлініп, жауырыналды жəне жауырын аумақтарындағы беткей шыққан
бұлшық еттер мен теріні қоректендіреді; ə) акромион тармағы (r. acromialis)
шошқа мен итте жақсы жетілген. Бүл артерия тармағы қыралды жəне
қырарты бұлшық еттер мен вентральды тісті бүлшық еттің мойын бөлігін
қанмен қамтамасыз етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |