АЛДЫҢҒЫ ҚУЫС ВЕНАСЫ ТАМЫРЛАРЫНЫҢ ЖҮЙЕСІ
Алдыңғы куыс вена (передняя полая вена) — v. cava cranialis — вена
қанын жануарлар денесінің бас, мойын аумақтарынын, алдыңғы аяқтардан
жəне көкірек керегесі қабырғасынан жинайтын, иық-бас, оң жəне сол
бұғанаасты веналары мен күретамыр веналары қосылып кұрайтын қысқа
вена бағаны. Аталған вена арқылы вена қаны жүректің оң жүрекшесіне
кұйылады.
Алдыңғы куыс венаға вена қаны төмендегідей веналардан жиналады.
Олар:
1) оң жəне сол қолтық веналары (v. axillaris dextra et sinistra) алдыңғы
оң жəне сол аяқтың терең магистральды веналарының қосылуынан түзіледі;
2) мойын веналары (w. cervicales) сол жəне оң бұғанаасты артериялары
тармақтарына сəйкес келетін веналардың қосылуынан кұралады;
3) жұп ішкі көкірек веналары (w. thoracica interna) көкірек қабырғасы
веналарының қосылуынан пайда болады. Бұларға өз кезегінде кеуде мен
құрсақтың теріасты веналары келіп кұяды;
Достарыңызбен бөлісу: |