Ерекшеліктері. Жылқыда беткей теріасты вена магистралі бақай мен
жіліншіктің пальмарлы медиальды веналарынан басталады. Қосымша
теріасты венасы қанды тек тізе аумағының терісінен жинайды.
Күйіс қайтаратын жануарлар мен шошқада теріасты вена магистралі
III жəне IV бақайдың сыртқы пальмарлы веналары мен жіліншіктің
пальмарлы бетіндегі латеральды жəне медиальды веналарынан басталып,
білектің теріасты венасына құяды.
Итте теріасты вена магистралі III жіліншіктің дорсальды венасынан
басталып, қосымша теріасты венасына, ал II жіліншіктің пальмарлы
веналарынан басталатын вена тармағы білектің теріасты венасына құяды.
Одан əрі екі вена тармақтары да, иықтың теріасты венасын түзеді.
Алдыңғы аяқтың терең жəне теріасты вена тамырлары магистраль-
дарының арасында көптеген жалғамалар болады. Олар, əсіресе, жіліншік
аумағында (тізенің дорсальды торы, дистальды жəне проксимальды тескіш
вена тармақтары, беткей жəне терең пальмарлы вена доғалары), шынтақ
буыны (иық венасы мен иықтың теріасты венасы арасындағы жалғамалар)
мен иық буыны (иық жəне қолтық веналары мен сыртқы күретамыр
венасының арасындағы жалғамалар) аумақтарында көптеп кездеседі. Терең
жəне
теріасты
вена
тамырларының
арасындағы
жалғамалардың
(анастомоздардың) көп болуы алдыңғы аяқтағы қан айналымның жоғары
деңгейде жүруін қамтамасыз етіп, керек болған жағдайда олардың бірінің
қызметін бірі атқаруына, яғни аяқ веналарының компенсаторлық қызметті іс
жүзіне асыруына мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: |