Күйіс қайтаратын жануарларда терең бет венасы болмайды. Жоғарғы
жақ венасына вентральды ми жəне шықшыт веналары ашылады. / «}Щ
Шошқада жоғарғы жақ венасының тармақтары жылқы венасына
ұқсас.
Итте бет венасына жұтқыншақ жəне көмекей веналары, ал жоғарғы жақ
венасына дорсальды ми венасы
Q
келіп құяды.
Ішкі күретамыр венасы (v. jugularis interna) жалпы ұйқы артериясымен
қатар орналасады. Ұсақ малдар мен жылқыда ішкі күретамыр венасы
болмайды.
АЛДЫҢҒЫ АЯҚ ВЕНАЛАРЫ
Алдыңғы аяқ веналары орналасу орындарына байланысты, екі түрлі
вена тамырларыньщ магистралінен құралған. Олар:
1) терең веналар магистралі;
2) беткей орналасқан теріасты веналар магистралі.
Терең вена тамырларының магистралі алдыңғы аяқты қанмен
камтамасыз ететін магистральды артериялар мен олардың тармақтарына
сəйкес келіп, алдыңғы аяқ артерияларымен қатар жататын аттас вена
тамырлары. Терең вена тамырлары бақай жəне жіліншік терең веналарынан
басталып, қолтық венасына айналады да, бұғанаасты венаға (v. subclavia)
келіп құяды.
Достарыңызбен бөлісу: |