Ерекшеліктері. Жылқыда терең вена магистралі бақай мен жіліншіктің
пальмарлы бетінде жатқан латеральды веналарынан басталады. Сыртқы
көкірек венасы (v. thoracica externa) қолтық венасына құяды.
Күйіс
қайтаратын
жануарлар
мен
шошқада
терең
вена
тамырларының магистралі жалпы пальмарлы бақай мен медиальды жіліншік
веналарынан басталады.
Итте терең вена магистралі дорсальды жəне пальмарлы терең жіліншік
веналарынан бастау алады.
Ал теріасты вена тамырларының магистралі терінің астында беткей
жатады. Теріасты вена тамырлары бақай мен жіліншіктің беткей орналасқан
пальмарлы веналарынан басталып, білек аумағында білектің теріасты
венасы (v. cephalica antebrachii), ал иық аумағында иықтың теріасты
венасы (v. cephalica humeri) — деп аталады. Білектің теріасты венасы
білектің медиальды бетінде орналасады. Шынтақ буыны аумағында ол иық
венасымен вена тармағы арқылы жалғасып, қосымша теріасты венасын (v.
cephalica accessoria) өзіне кабылдайды. Қосымша теріасты венасы білектің
425
дорсальды бетінде жатып, жіліншік пен бақайдың дорсальды веналарындағы
вена қанын жинайды.
Иықтың теріасты венасы иық-бас жəне беткей кеуде бұлшық етінің
аралығындағы сайда жатады. Ол сыртқы күретамыр венасына (v. jugularis
externa)HeMece тікелей алдыңғы қуыс венаға (v. cava cranialis) құяды.
Достарыңызбен бөлісу: |