Морфология


ЛИМФА АЙНАЛЫМ ЖҮЙЕСІ - systema limphaticum



Pdf көрінісі
бет947/1132
Дата07.01.2022
өлшемі4,08 Mb.
#19191
1   ...   943   944   945   946   947   948   949   950   ...   1132
Байланысты:
Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы

ЛИМФА АЙНАЛЫМ ЖҮЙЕСІ - systema limphaticum 

 

Лимфа айналым жүйесі қызметі мен құрылысы жағынан қан айналым 

жүйесі  мүшелерімен  тығыз  морфологиялық  байланыста  болады.  Себебі,  бұл 

жүйе  ұлпалар  мен  мүшелерде,  олардағы  зат  алмасу  процесі  кезінде  қаннан, 

оны  қоршаған  ұлпаға  сүзіліп  шыққан  ұлпа  сұйығынан  басталып,  соңында 

организмнен  лимфаны  жинайтын  ірі  лимфа  өзектерінің  (оң  лимфа  бағаны, 

көкірек өзегі) алдыңғы қуыс венаға құйылуымен аяқталады. Лимфа айналым 

жүйесінің жануарлар организмдеріндегі атқаратын қызметі алуан түрлі. Атап 

айтқанда: 

1)  ұлпааралық  кеңістіктегі  артық  ұлпа  (ткань)  сұйығын  өзіне  сорып 

алып, дренаждық қызмет атқарады; 

2) ұлпалардағы  қан  капиллярларының қабырғасы  арқылы өте  алмайтын 

ірі  молекулалы  белоктық  зат  жəне  ішекте  қорытылған  майдың  мономерлері 

(май қышқылдары, глицерин) тікелей лимфаға сорылады; 

3) 


сыртқы 

ортадан 


организмге 

түскен 


бөгде 

заттар 


мен 

микроорганизмдерді  жойып,  лимфаны  биологиялық  жəне  механикалық 

тазалаудан өткізеді; 

4)  лимфа  түйіндерінде  лимфоциттер  мен  антиденелер  (иммунды-

глобулиндер) түзіледі. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   943   944   945   946   947   948   949   950   ...   1132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет