Лимфа жүйесінің дамуы. Омыртқасыз жануарлар мен төменгі
сатыдағы омыртқалы жануарларда лимфа жүйесінің қызметін вена қан
айналым жүйесі атқарады. Балықтар мен қосмекенділерде лимфа айналым
жүйесі қарапайым лимфа қойнаулары түрінде жетілген. Олар негізінен
терінің
астында
жəне ішкі
мүшелерде
болады.
Құстарда
лимфа
қойнауларының орнында жіңішке келген, түтікше лимфа тамырлары
жетіледі. Лимфа тамырлары тек жүрек жаққа қарай ғана ашылатын
қақпақшалармен жабдықталған. Бірақ олардың саны аз. Ал сүтқоректі
жануарларда лимфа тамырлары тым жақсы жетілген. Олардың ішкі бетінде
қақпақшалар жиі орналасады.
Лимфоидты құрылымдар мен лимфа түйіндері тек жылы қанды
жануарларда ғана болады. Мысалы, құстарда мұндай құрылымдар
жұтқыншақта, өңеште жəне бүйенде орналасады. Ал лимфа түйіндері
негізінен сүтқоректі жануарларда жоғары деңгейде жетілген.
Достарыңызбен бөлісу: |