429
Лимфа қойнаулары қарын мен ішектердің кілегейлі қабықтарындағы
куысы ұлпа сұйығына толған тұйық түтікшелер.
Лимфа куыстарына ұлпа сұйығына толған ми жəне жұлын
қабықтарының арасындағы кеңістіктер, жұлынның орталық өзегі мен ми
қарыншалары, көз алмасының қуысы, буын қуыстары, синовиальды
қапшықтар мен қынаптар, плевраның, ішперденің жəне жүрекқаптың сірлі
қуыстары, ішкі құлақ қуысы жатады.
Лимфа (lympha) — тірі сұйық ұлпа. Ол жануарлар организмерінің
сұйық ішкі орта ұлпасы ретінде жасушалардан (лифобласттар, лимфоциттер,
макрофагтар, плазмоциттер) жəне жасушааралық заттан (плазмадан)
құралған. Лимфа плазмасын ұлпалар мен мүшелердегі жоғарыда баяндалған
жасушааралық
саңылаулардан,
кеңістіктерден,
қойнаулардан
жəне
куыстардан сорылып, лимфа айналым арнасының лимфа капиллярларына
өтетін ұлпа сұйығы құрайды. Құрамы жағынан лимфа плазмасы қан
плазмасына ұқсас. Ішектен ағып шығатын лимфаның құрамында ішек
қабырғасы арқылы сіңірілген липидтер болатындықтан, оның түсі ақшыл
болып келеді. Сондықтан, ішек лимфа тамырларындағы ақшыл келген
лимфаны хилюс (chylus) - деп атайды.
Достарыңызбен бөлісу: