Морфология



Pdf көрінісі
бет981/1132
Дата07.01.2022
өлшемі4,08 Mb.
#19191
1   ...   977   978   979   980   981   982   983   984   ...   1132
Ерекшеліктері.  Жылкына  бұл  түйіндер  өте  майда  болып  келеді. 

Олардың  мөлшері1-8  мм.  Сиырда  түйіннің  мөлшері  1,5-2,0  см,  ал  ұсақ 



малдарда  0,5-1,0  см.  Краниальды  топтың  лимфа  түйіңдері  3-6-ншы 

қабырғааралық  тұсында,  каудальды  топтың  түйіңдері  —  ұлпершек  пен 

диафрагма  аралығыңда  орналасады.  Шошқада  түйіңдердің  мөлшері  1,5-2,0 

см, саны 1-2 болады. Итте бұл лимфа түйіні болмайды. 



Бронхтық  лимфа  орталығы  (бронхиальный  лимфоцентр)  —  1с. 

bronchiale. 

а)  кеңірдек-бронхтық  лимфа  түйіндері  (In.  tracheo-bronchialis)  — 

кеңірдек  айрығының  (бифуркациясының)  оң,  сол  жəне  жоғарғы  жактарында 

шоғырлана  орналасқан.  Бұл  орталық  лимфаны  кеңірдектен,  өкпеден, 

жүректен,  өңештен  жəне  көкірек  ортасынан  жинап,  көкірек  ортасының 

краниальды лимфа түйіндеріне өткізеді. 

Ерекшеліктері.  Жылқыда  бұл  түйіндердің  саны  кеңірдек  айрыгының 

сол  жағында  8-9,  олардың  орташа  мөлшері  7-10  см;  он  жағындағы 

түйіндердің  саны  —  4-6,  орташа  мөлшері  5-6  см;  жоғарғы  жағындағы 

түйіндердің саны — 9-20, мөлшері 4-6 см. Сиырда бұл түйіндердің орналасу 

орындары төмендегідей: 

1)кеңірдек айрығының сол жағындағы лимфа түйіндерінің саны — 1 -2, 

мөлшері 2,5-5,0 см; 

2)кеңірдектің  оң  жағында  1-2  лимфа  түйіні  болады,  олардын  орташа 

мөлшері 0,7-2,5 см; 

3)кеңірдектің  дорсальды  лимфа  түйіндерінің  саны  тұрақты  емес, 

олардың мөлшері 0,3-1,2 см; 

4)өкпенің  оң  краниальды  бөлігіне  енетін  бронхтың  төменгі  жағындағы 

лимфа түйіндерінің саны — 1-4, олардың мөлшері 1,5-3,0 см; 



442 

 

5)кеңірдектің  оң  жағының  төменгі  бетіндегі  лимфа  түйінінің  мөлшері 



0,5-2,0  см.  Ол  өкпенің  ортаңғы  бөліктерінің  аралығында  жатады.  Ұсақ 

малдарда  бұл  түйіндердің  орналасуы  сиыр  лимфа  түйіндерінің  орналасу 

орындарына  ұқсас  Олардың  мөлшері  кішірек  келеді.  Шошқада  бұл 

түйіндердің  саны  —  8-10.  Итте  кеңірдектің  дорсальды  бетіндегі  лимфа 

түйінінің мөлшері 3,2 см. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   977   978   979   980   981   982   983   984   ...   1132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет