Морфология



Pdf көрінісі
бет980/1132
Дата07.01.2022
өлшемі4,08 Mb.
#19191
1   ...   976   977   978   979   980   981   982   983   ...   1132
Байланысты:
Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы

Ерекшеліктері. Жылқыда  бұл  түйіннің  мөлшері  2-60  мм,  саны  4  -тен 

14  -ке  дейін  болады.  Сиырда  лимфа  түйінінің  мөлшері  0,5-  5  см,  ал  ұсақ 

малдарда 0,5-2,5 см. Шошқа мен итте бұл түйіндер болмайды. 

б)көкірекортасының  каудальды  лимфа  түйіндері  (In.  mediastinales 

caudales)  көкірек  ортасындағы  қолқа  мен  өңештің  аралығында  орналасады. 

Бұл  түйіндер  лимфаны  өңештен,  плеврадан,  бауырдан,  көкбауырдан  жинап, 

көкірек ортасының краниальды жəне ортаңғы лимфа түйіндеріне өткізеді. 



Ерекшеліктері.  Жылқыда  бұл  түйіндердің  саны  —  1-7,  олардың 

орташа мөлшері 25 мм болып, өңештің маңайында орналасады. 



Күйіс қайтаратын жануарларда 2-3 лимфа түйіні болады. Шошқа мен 

итте көкірекортасының каудальды лимфа түйіндері болмайды. 

Вентральды  көкірек  лимфа  орталығы  (вентральный  грудной  лимфо-

центр)  —  lc.  thoracicum  ventrale  —  төссүйек  тұтқасының  дорсальды  бетінде 

жатады. Орналасу орындарына байланысты бұл орталықтаң лимфа түйіндері 

краниальды  жəне  каудальды  болып  екі  топқа  бөлінеді.  Аталған  орталық 

түйіндері  лимфаны  көкірек  қабырғасының  төменгі  бөлігінен  жəне 

диафрагмадан жинайды да, көкірек өзегіне өткізеді. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   976   977   978   979   980   981   982   983   ...   1132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет