ə)өкпе лимфа түйіндері (In. pulmonales) өкпедегі бронхтар бойында
орналасады.
Ерекшеліктері. Жылқыда бұл түйіндердердің орташа мөлшері 3,0-10,0
мм. Бұл түйіндер кейде болмайды. Сиырда олардың мөлшері 0,5-1,5 см, ұсақ
малдарда 0,3-1,0 см. Шошқада бұл түйіндер болмайды. Итте көп жағдайда
болмайды. Болған жағдайда тым майда болып келеді, олардың мелшері 0,1-
1,0 см.
б)жүрекқаптың лимфа түйіні (In. pericaidiacus) тек сиырда кездеседі
Ол қолқа доғасының маңыңда орналасады. Жүрекқап лимфа түйінінің
ұзындығы 1,5 см -дей.
ҚҮРСАҚ ЖƏНЕ ЖАМБАС ҚАБЫРҒАЛАРЫНЫҢ
ЛИМФА ТҮЙІНДЕРІ
1. Белдің қолқалық лимфа орталығы (поясничный лимфоцентр) — lc.
lumbalis aorticum — қолқа мен артқы куыс венаның жоғарғы жағында
орналасады. Кейде омыртқааралық тесіктер маңында жатады. Лимфа
түйіндері лимфаны бел аумағынан, несеп-жыныс мүшелерінен, қолқадан
жинап, бел өзегі арқылы бел цистернасына өткізеді.
Достарыңызбен бөлісу: |