М.Өтемісов атындағы Батыс


Құртқашаштар тұқымдасы – Iridасеае



бет21/44
Дата14.04.2023
өлшемі1,16 Mb.
#82636
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   44
Құртқашаштар тұқымдасы – Iridасеае
Тұқымдасқа 80 туыс, 1800-дей түр жатады. Тропиктерде, субтропиктерде және қоңыржай климатты облыстарда кең таралған өсімдіктер. Әсіресе Оңтүстік Африкада, Жерорта теңізі жағалауында, Батыс және Шығыс Азияда және Оңтүстік Америкада көптеп кездеседі. Құрғақ немесе батпақты жерлерде өсетін, тамырсабақты немесе түйнекті-пиязшылықты өсімдіктер. Жапырақтары қылыш тәрізді, жоғары қарай көтеріліп тұрады, сиректеу доға тәрізді иілген болып келеді. Гүлдері сабақтың ұшында біреуден болады (немесе гүлшоғына жиналған); қосжынысты, дұрыс немесе бұрыс гүлдер, көп жағдайда өте үлкен болып келеді. Гүлсеріктері актиноморфты, сиректеу зигоморфты; желек тәрізді түтікке біріккен 6-жапырақшадан тұрады; сыртқы желектерінің көп жағдайда ішкі желектерінен айырмашылығы болады. Аталықтарының саны 3. Гүлтүйіні үш ұялы, төменгі болып келеді. Аналықтың мойны жоғарғы жағынан 3-ке бөлінген көп жағдайда желек тәрізді жақтаулардан немесе тармақталған аналықтың аузынан (рыльце) тұрады. Жемісі – төменгі синкарпты қауашақ. Гүлінің формуласы: *P3+3A3G(3).
БОР-дың флорасында 5 туысы 166-ден астам түрлері, ал Қазақстанда 5 туысы 34 кездеседі.
Тұқымдастың түрлерінің көпшілігі тамаша гүлдейтін өсімдіктер. Кейбір түрлері техникалық өсімдіктер болып табылады.
Бәйшешек туысы (шафран — Crocus) түйнекпиязшықты өсімдік. Жасыл жапырақтары түссіз немесе сарғыштау больш келетін жапырақ қынапшасынан топтасьш шығады. Жалғыз немесе қосарланған үлкен гүлдері пленка тәрізді түссіз жапырақ қынапшасынан кетеді. Гүлдері қосжынысты, гүлсерігі воронка тәрізді, біртіндеп трубкаға айналады, 6 бірдей бөліктен тұрады, сары немесе ашық көк түсті болып келеді. БОР-да 20-дай түрі, ал Қазақстанда 2 түрі кездеседі. Корольков бәйшешегі (шафран Королькова — Crocus Korolkovii). Биіктігі 10—20 см-ден, аспайтын көпжылдық түйнектіпиязшықты өсімдік. Жапырағы таспа тәрізді, үзындығы 15 см-дей болады. Гүлі ашық сары түсті, қауашағы цилиндр пішінді болып келеді. Батыс Тянь- ІПаньның сирек кездесетін өсімдігі.
Құртқашаш (ирис, касатик - Iris) үлкен туыс. Гүлдері үлкен әртүрлі түске боялған болып келеді. Гүлсерігі дұрыс (түтікті): 3 сыртқы желектерінің 3 ішкі желектерінен айырмашылығы болады. Аналығының аузы (3) ұзын, етженді, желек тәрізді бөліктен тұрады. Гүлтүйіні 3 ұялы. Аталықтары сыртқы желектерінің түп жағымен бірігіп кетеді. Жемісі үш қырлы қауашақ. Құртқашаштар солтүстік ендіктің субтропикалық және қоңыржай климатты зоналарында өседі. БОР-да Кавказда, Орта Азияда, Сібірде, Қиыр Шығыста және БОР-дың европалық бөлігінде өседі.
Гладиолус туысы (Гладиолус - Gyladiolus). Тамаша гүлдейтін түйнекпиязшықты өсімдік. Гүлсерігі зигоморфты, трубкасы иілген, желегінің бөліктері бірдей болмайды және ашық түске боялған болып келеді. БОР-да 9 түрі, ал Қазақстанда 2 түрі кездеседі; Закавказьеның шығысында G. segetus деген түрі табиғи жағдайда өседі. Оның жапырағы С витаминіне бай болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет