М.Өтемісов атындағы Батыс


Шатыргүлдер, немесе сельдерейлер тұқымдасы -Umbelliferae, Apiaceae



бет19/44
Дата14.04.2023
өлшемі1,16 Mb.
#82636
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   44
Шатыргүлдер, немесе сельдерейлер тұқымдасы -Umbelliferae, Apiaceae
Тұқымдасқа 3 мыңнан аса түр (300 туыс) жатады. Бұрынғы одақтас республикалардың флорасында 800-дей түрі, ал Қазақстанда флорасында 230 түрі кездеседі. Олар жер шарының барлық жерінде, негізінен солтүстік ендіктің қоңыржай және құрғақ климатты зоналарында, сонымен бірге тропикалық елдердің тауларынада кеңінен таралған. Өмірлік формалары: негізінен көпжылдық шөптесін өсімдіктер, сиректеу бұталар немесе жартылай бұталар. Сабағының іші қуыс, биіктігі 4 м., ал диаметрі 6 см. дейін барады. Жапыраққары көп жағдайда кезектесіп орналасады, жапырақ қынапшасы және тілімделген тақтасы болады. Гүлшоғыры күрделі шатыр, сиректеу қарапайым шатыр немесе шоқпарбас түрінде болады. Гүлдері актиноморфты бір гүлшоғының деңгейінде аздап зигоморфты, 5 мүшелі. Тостағанша жапырақшалары редукцияға ұшыраған және 5 тіс немесе көмкерме түрінде болады. Күлтесі үстіңгі жағында аздаған ойығы бар 5 жеке жапырақшалардан тұрады. Аталығының саны 5, олардың жіпшелері аталықтың ішкі шеңберінен түзілетін нектарниктің дискісіне бекініп тұрады. Гинецейі ценокарпты, 2 жеміс жапырақшасынан тұрады, гүлтүйіні төменгі 2 ұялы. Гүлінің формуласы мынадай: * Са(5-0)Co5 A5G(2). Жемісті тұқымша.
Көптеген түрлері ертеден овощтық, жем шөптік және қош иісті өсімдіктер ретінде өсіріледі. Олардың кейбіреулерінде, организмге қатты әсер ететін, улы алколоидтар болады. Олар мал шаруашылығына үнемі қауіп туғызады.
Петрушка туысы (Petrosetinum). Оның 6-түрі бар. БОР- ның флорасында, оның ішінде Қазақстанда да кәдімгі петрушка (петрушка обыкновенная немесе П. Кудрявая —
Р crispum) деген жалғыз түр бар. Табиғи жағдайда дүниежүзінің барлық құрылықтарында кездеседі; БОР-дың территориясының арктикалық және субарктикалық аудан- дарынан басқа жерлердің барлығында өседі. Тамырлары мен жапырақтары үшін отырғызады.
Боршевик туысы (Heracleum). Дүниежүзі бойынша 70- тей түрі бар, БОР-дың флорасында 36 түрі, ал Қазақстанда 2 түрі кездеседі. Табиғи жағдайда қоңыржай климатты облыстарда және Европаның, Азияның, Африканың, солтүстік Американың тауларында өседі. Мал азығы ретінде перспективті өсімдік, көп мөлшерде көк балауса береді. БОР-дың көптеген жерлерінде себіледі, кейбір түрлері улы өсімдіктердің қатарына жатады.
Сібір борщевигі (борщевик сибирский — H.sibiricum) — биіктігі 1 м-ден асатын өсімдік, жапырақтары үлкен қа- уырсынды тілімделген больш келеді. Кәдімгі борщевик (борщевик обыкновенный — H.sphondytium) — биіктігі 1 м-ге дейін баратын көпжылдық шөптесін өсімдік. Жапырағы үш- құлақ больш келеді және улы өсімдіктердің қатарьша жатады.
Утамыр туысы (вех — Cicuta). Бүл туыстың 20-дай түрі бар, олар негізінен солтүстік Америкадан кеңінен таралған өсімдіктер. БОР-дың флорасында кәдімгі утамыр (вех ядовитый — Cicuta virosa) деген жалғыз түрі бар, ол саба- ғының биіктігі 50—80 (150) см жететін, жоғарғы жағы бұтақтанып келетін өсімдік. Жапырақтары 2 рет қауырсынды тілімделген, ұзын сағақты болады, тамырсабағы жекелеген камераларға бөлінген, улы алколоидтар жинайды (цику- тотоксин, цикутин).
13,14 дәріс


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет