Асфоделалар тұқымдасы— Asphodelaceae Асфоделалар тұқымдасы (асфоделовые) — Asphodelaceae. Бұл тұқымдасқа 46—50 туыс, 1400—1450-дей түрі жатады. Өмірлік формалары шөптесін өсімдіктер мен ағаштар.
Шырыш туысы (эремурус — Eremurus) — ланцет тәрізді үзын жапырақтары топтасьш жертаған түзетін (прикорневые розетки) өсімдік. Осы жапырақтарының ортасынан биіктігі 0,5—2м. болатын, жалғыз атпасабақ кетеді (цветочные стрелки). Ол әдетте үлкен, өсімдікке ерекше көрік беріп тұратын шашақ тәрізді гүлшоғырымен аяқталады. Мысалы, үлкен шырыш (эремурус мощный — E.robustus) деген түрдің шашағында 800-дей гүл болады. Шырыштардың БОР-дың оңтүстік аудандарында (негізінен Орта Азияда) 23-түрі, ал Қазақстанда 13 түрі өседі. Кейбір түрлері сәндік өсімдіктер ретінде мәдени жағдайға ендірілген. Алоэ туысы (Aloe) осы түқымдастың ішінде ерекше орын алады (243-сурет). Оның 250-дей түрі бар. Табиғи жағдайда Оңтүстік Африка мен Мадагаскар аралында өседі. Гүлсерігі біріккен жапырақшалардан тұрады, көп жағдайда құстармен тозанданады. Ағаш тәрізді алоэ, немесе жүзжылдық. (алоэ древовидное, или столетник — Aloe arborescens) — көпжылдық мәңгі жасыл ш өптесін суккулент өсімдік (шыққан жерінде 4 м биіктікке дейін жететін). Жапы- рағы өте жуан, етженді, қылыш тәрізді болып келеді. Өте ерте гүлдейді. Гүлдері қызгыштау- сары түсті, қоңырау формалы болып келеді. Гүлшоғыры өсім- діктің жоғарғы жағында шашақ түзеді. Бірақта A.arborescens өте сирек гүлдейді жүзжылдық (“столетник”) деген аттың өзі соган байланысты қойылған. БОР-да сәндік өсімдік ретінде бөлмелерде өсіріледі. Мәдени жағдайда Закавказьеде өсіріледі
Бақылау сұрақтары: 1. Дара және қосжарнақтылардың айырмашылығы неде?
2. Лалагүлдер тұқымдасы өкілдерінің құрылысы
3. Алоэ туысының маңызы
4. Құртқашаш гүлінің құрылысы
5. Астық тұқымдастарының тіршілік формалары
6.Қоңырбастар тұқымдасын қияқөлеңдерден (Сагех) ажырататын белгілер
15 дәріс тақырыбы: Қияқөлеңдер тұқымдасы.Тарылар тұқымдасы. Қияқөлеңдер тұқымдасы — Сурегасеае. Түрлерінің жалпы саны 5600 (120 туыс). Бұлар ұзын немесе қыска, симподиальды өсіп отыратын тамырсабағы, тығыз түптер-шымдар (кусты- дернины) немесе шоқалақтар түзетін көпжылдык шөптесін өсімдіктер. Сиректеу түйнектер түзетін немесе біржылдық шөптесін өсімдіктер болып келеді. Дүниежүзінің барлық құрлықтарында кең таралған. Көптеген түрлері тропикалық елдерде өседі. Қоңыржай, және салқын климатты белдеулерде кейбір түрлерінің особьтарының саны көп болады және өсімдіктер жабынының, әсіресе батпақты жерлердің, аса маңызды компоненттері болып табылады. Сабақтары үшқырлы, сиректеу цилиндр тәрізді (өлеңшеп туысы - Scirpus), ішінің қуысы болмайды буындары мен буынаралықтары нашар байқалады. Жапырақтары сабаққың жоғарғы жағында орналасады, таспалы немесе таспалы-ланцетті, көп жағдайда шеттері төмен қарай қайрылған, қынапшасы барлық уақытта жабық болып келеді, тілшесі болмайды. Гүлшоғыры жай немесе күрделі масақ немесе агрегатты, жапырақ тәрізді немесе көн тәрізді гүласты жапырақшаларының қолтығында орналасқан көпгүлді, сиректеу біргүлді масақтардан тұрады. Гүлінің гүлсерігі болмайды (сәлемшөп-сыть-Cyperus, қиякөлең-осока-Сагех туыстары) немесе ол редукцияға қатты ұшыраған және 6 немесе саны одан аз, жұқа пленкалардан (өлеңшөп туысы-қамыш-Scirpus), сиректеу көп мөлшерде үлпектерден тұрады (ұлпабас туысы-пушица - Егіорhorum). Андроцейі әдетте, бір шеңбердің бойына орналасқан 3 аталықтан тұрады. Гинецейі 3 немесе 2 жеміс жапырақшадан тұрады. Гүлтүйіні жоғарғы, 1-ұялы, 1 тұқым бүршігі болады. Аналықтың мойны (столбик) 3 немесе 2 біршама ұзын, жіп тәрізді болып келген аналықтың аузын (рыльца) жоғары көтеріп тұрады. Гүлдері қосжынысты (сәлемшөп, өлеңшөп, ұлпабас туыстары) немесе даражынысты (қиякөлең туысы). Соңғы жағдайда өсімдік бірүйлі, сиректеу екіүйлі болып келеді. Бірүйлі қиякөлендердің аталық және аналық гүлдері былай орналасады: гүлшоғыры тек ататық немесе аналық гүлдерден тұрады; гүлшоғыры қосжынысты, яғни оның бір жағында тек аналық гүлдері, ал екінші жағында тек аталық гүлдері орналасады. Гүлдің түп жағында түрі өзгерген, жабындық қабықшақ деп аталынатын, гүласты жапырақшасы орналасады. Қияқөлеңнің гүлін, жабындық қабықшақтан басқа, екі гүласты жапырақшаларының бірігуінің нәтижесінде пайда болған қапшықша қорғап тұрады. Қапшықшаның формасы мен мөлшері маңызды систематикалық белгілер болып табылады. Жемісі үшқырлы, шар тәрізді немесе формасы жалпайып жаншылғандау болып келетін жаңғақша.