М.Өтемісов атындағы Батыс



бет20/44
Дата14.04.2023
өлшемі1,16 Mb.
#82636
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   44
Тақырыбы: Даражарнақтылар және олардың филогенетикалық байланысы. Лалагүлділер тұқымдасы. Құртқашаштар тұқымдасы. Аспофедралар тұқымдасы. Астық тұқымдастары. Қабыршақты гүлдер.

Дара жарнақтылар класы 4 кластармағынан, 38 қатардан, 104 түқымдастан және 63000-дай түрлерден тұрады. Негізгі өмірлік формалары шөптесін өсімдіктер (бір-, екі-, көп жылдык), сиректеу ағаштар, бұталар, лианалар. Жер бетінің барлық құрлықтарында (континенттерінде) кең таралған. Дара жарнақтылар толық табиғи эволюциялық тізбек болып табылады. Оның жекелеген қатарлары мен тұқымдастары ұқсас маманданған және ауыспалы формалары арқылы бір-бірімен байланыста болады.


Дара жарнақтылардың ішінде жоғарғы деңгейде маманданған өсімдіктер көптеп саналады. Мысалы, геофиттері өмірінің қолайсыз кезеңдерін жер астында тамырсабақ, бадана (луковица), туйнектер, түйнекті пиязшықтар түрінде өткізеді; гелофиттері, батпақты жерлерде және ылғалы мол топырақтарда өседі; ксерофиттері шөлді және шөлейт аймақтарға бейімделген; эфемерлері өмірлік циклы қыска болатын өсімдіктер, ұзакқа созылатын құрғакшылық басталғанға дейін олар гүлдеп және дән байлап үлгереді.
Дара жарнақтылар класының жоғарыда келтірілген 38 қатарын гүлсерігінің құрылысының ерекшеліктеріне қарай екі қатарлардың тобына бөледі.
Лалагүлдер тұқымдасы (лилейные) – Liliacea.
Бұл тұқымдаста 470-тей тур бар (10 туыс). Дүниежүзінің барлық флорасында кездеседі. Оқтын-оқтын қүрғақшылық болып тұратын субтропикалық елдерде, сонымен бірге тропикалық емес елдердің шөлейт аймағында және шөлді облыстарға ауысатын жерлерінің өсімдіктер қауымының қалыптасуьша лалагүлділердің тигізетін әсері орасан зор. Өмірлік формалары ағаштар (тропикалық елдерде), лианалар және жарты лай лианалар, негізінен көпжылдық шөптесін өсімдіктер, мәңгі-жасыл немесе жаздықжасыл және өте сирек біржылдықтар. Бейімдеушілік процесінің эволюциясында әсіресе терең өзгерістерге вегетативті органдары ұшы- раған. Олар баданаларға (луковицы), тамырсабаққа, түйнектерге, филлокладииге, өнім бүрлеріне (выводковые почки) айналып кеткен. Жапырақтары әдетге азды-көпті етжеңді, сырты жылтырлау, шетгері тегіс, отырмалы болып келеді. Жапырақтары кезектесіп орналасады. Гүлсерігі қарапайым, күлтежапырақшалар түріңде берілген, актиноморфты, қосжынысты, 3-өлшемді (сиректеу 2—4 өлшемді). Гинецейі ценокарпты, сиректеу апокарптыға жақын, 3, сиректеу 4 жеміс жапырақшаларынан тұрады. Гүлтүйіні жоғарғы. Жемісі қорапша (қауашақ) немесе жидек болып келеді. Дәнінің эңдосперімі болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет