Мотивация, Ынталандыру, Белсендіру Орындаған: Калиева Диана



Дата03.12.2023
өлшемі2,87 Mb.
#133582
Байланысты:
Мотивация

Мотивация, Ынталандыру, Белсендіру

Орындаған: Калиева Диана

Сыздық Ақнұр

МОТИВАЦИЯ — бұл…

Көздеген мақсатқа жету үшін өзін және басқаларды жұмысқа ынталандыру. Мотивация адамдарда болатын әртүрлі қажеттіліктерге негізделген.

Мотивация түрлері

Ішкі мотивация

Сыртқы мотивация

Ішкі мотивация - сыртқы орта қалай болуына қарамастан мотивациялық талпыныс ішкі ниеттен оянады және мақсат атаулы субъективті болады. Онда міндеттің өзі құштарлық және шаттық туғызады. Сыртқы себеп емес, ішкі ұнату негізгі қозғалыс түрткісі болады. Ішкі мотивацияның артықшылығы, міндетке қарата ішкі құштарлық оянған жағдайда адамның өз артықшылықтары түгел іске қосылады және міндетті орындауға қажетті қабілет пен өнерді өздігінен үйренеді. Ішкі мотивация XXғ. 70 жылдары әлеуметтік психология мен педагогикалық психологияның назарын аударған болатын.

  • Ішкі мотивация - сыртқы орта қалай болуына қарамастан мотивациялық талпыныс ішкі ниеттен оянады және мақсат атаулы субъективті болады. Онда міндеттің өзі құштарлық және шаттық туғызады. Сыртқы себеп емес, ішкі ұнату негізгі қозғалыс түрткісі болады. Ішкі мотивацияның артықшылығы, міндетке қарата ішкі құштарлық оянған жағдайда адамның өз артықшылықтары түгел іске қосылады және міндетті орындауға қажетті қабілет пен өнерді өздігінен үйренеді. Ішкі мотивация XXғ. 70 жылдары әлеуметтік психология мен педагогикалық психологияның назарын аударған болатын.

Сыртқы мотивация - мотивация тұрақты талпындырушы ретінде көбінесе сыртқы орта талаптарынан қоздатылады. Мұнда кіріс, мәртебе, мансап секілді сыртқы нәрселердің талабымен мақсатқа белсену туады және оның белсенуі ішкі мотивация ниетімен қайшыласып та жатады. Яғни, өз талпынысын соншылық сүйе қоймайды, бірақ қажеттілік үшін соған барынша талпынуға мәжбүр болады. Сыртқы мотивация жекенің сыртынан келеді. Әрекет өз табысынан рахаттану үшін емес, ақша табу, мансапқа жету, мүдде, балл алу, мәжбүрлену, жазалану секілділер сыртқы мотивацияға ілік болады. Ондағы шабыттандыру әлдебір сыртқы талаптардан тууы мүмкін. Жалданып істеу, біреуге тәуелді болу, тұрмыс жағдайының нашарлығы, қорқу, ұялу дегендер осы түрдегі мотивацияға себеп болады. Кейбіреулердің айтуынша сыйлық алу мен медаль тағу да сыртқы мотивацияға жатады екен. Дегенмен, бұл енді сол адамның соны мәнді іс көріп өз мақсаты тұту-тұтпауына қатысты болса керек.

  • Мотивация жағдайында екі түрлі сыйлыққа ие болады:
  • Ø ішкі сезімдік сыйлық,
  • Ø сыртқы сыйлық
  •  Ішкі сыйлықты жұмыстың өзі береді, яғни адамның өзінің жасаған еңбегіне іштей қанағаттануы.
  • Сыртқы сыйлықты ұйым береді, яғни орындалған жұмыстың бағалануы. Мысалы, еңбек ақы, қызметін жоғарылату, марапаттау, қосымша ақы төлеу жатады.

Мотивацияның екі теориясы бар: Ø Мотивацияның маңызды теориясы Ø Мотивацияның іс жүргізу теориясы

Мотивацияның маңызды теориясы – адамдардың көздеген мақсатына қарай әрекет етуге мәжбүр ететін іштей талаптануды теңестіруге негізделген.

Мотивацияның іс жүргізу теориясы

адамдардың көзқарасын, түсінігін

ескере отырып,

олардың өздерін қалай

ұстайтындықтарына қарай негізделген.

Мотивацияның іс жүргізу теориясы 3-ке бөлінеді:

  • Үміттену – жұмсалған күш-жігермен алынатын нәтиже арасындағы байланыс;
  • Әділеттілік – екі адамның жұмыс орындауын салыстыру арқылы бағалау;
  • Портер-Лоулер моделі – қажетсіну, үміттену, әділеттілікті көтермелеу, еңбек нәтижесіне қанағаттану сезімі

Маслоу, Абрахам Харольд (1908-1970) –

Маслоу, Абрахам Харольд (1908-1970) –

көрнекті америкалық психолог, гуманистік

психологияның негізін қалаушы.

Адами қажеттіліктерді талдап, оларды иерархиялық баспалдақ түрінде орналастыру – Абрахам Маслоудың «Маслоу қажеттіліктер пирамидасы» деген атпен танымал болған жұмысы.

Маслоу тұжырымдамасы «Уәж және жеке тұлға»

(Motivation and Personality) кітабында жан-жақты

баяндалған. Пирамида түрінде бейнеленген қажеттіліктер

иерархиясы АҚШ, Европа және Ресейде тұлғаны

ынталандырудың әйгілі модельдерінің біріне айналды.

Оны негізінен менеджерлер мен маркетологтар көп

пайдаланады.

• А.Маслоудың пікірі бойынша, өзін-өзі таныту туа біткен құбылыс, ол адам табиғатына енеді. Адамгершілік, жақсылық жасау, жақсылық тілеу адамның өзегін құрайды. Адам осы

• А.Маслоудың пікірі бойынша, өзін-өзі таныту туа біткен құбылыс, ол адам табиғатына енеді. Адамгершілік, жақсылық жасау, жақсылық тілеу адамның өзегін құрайды. Адам осы

гуманистикалық қажеттіліктерін жүзеге асыра білуі керек.

А.Маслоу теориясындағы бұл тұжырым дұрыс деп саналды. Өз

көзқарастарын ол “Адамдық мотивация теориясы” (1934),

“Психологияға шолу”(1934), “Мотивация мен индивидуалдылық”

(1970) атты ғылыми еңбектерінде баяндаған.

А.Маслоудың көзқарысы «қажеттілік иерархиясы» деп аталады. 

  • 1. Физиологиялық қажеттілік өмір сүру үшін қажет. Бұған жалпы адамдардың тыныс тіршілігі үшін, ауа, су, баспана, демалу, тамақ сияқты қажеттіліктер жатады.
  • 2. Қауіпсіздік, қорғану қажеттілігіне қоршаған орта тарапынан болатын физикалық және психологиялық қауіп қатерден қорғану қажетілігі жатады.
  • 3. Әлеуметтік қажеттілік – бір немесе біреуге қатысты сезімі, өзіңді біреулердің құрметтеу сезімі, әлеуметтік қарым-қатынас, сүйемелдеушілік сезімдері жатады.
  • 4. Құрметтеу қажеттілігі - өзін-өзі құрметтеу, жеке басының жетістіктері, біліктілігі, басқалардың өзін құрметтеуі жатады.
  • 5. Өзін-өзі көрсету қажеттілігі - өзінің жеке басының өсіп жетілуін, барлық мүмкіндіктерін жүзеге асыру қажеттілігі.

Назарларыңызға рақмет!



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет