Экспериментальды зерттеулер нақты канцерогенді (бластомогенді) агенттерді - адамдар мен жануарларда жаңа түзілімдерді туғызатын химиялық заттар мен әртүрлі сәулелену түрлерін, сонымен қатар канцерогенді әсердің алдын алу жолдарын анықтауға мүмкіншілік береді. Осылайша жаңа ғылыми бағыт – онкогигиенаға жол салады.
Канцерогенді факторлардың экспериментальді зерттеулерінде ісіктердің туу механизмі.
Экспериментальды канцерогенді факторлардың экспериментальді зерттеулерінде ісіктердің туу механизмін ажыратып қана қойған жоқ, сонымен қатар канцерогенездің механизмін — ісіктердің даму үрдісін зерттеуге ықпалын тигізді.
Көптеген органикалық заттар онкогенді қасиеттерін көрсету үшін, ағзада бірқатар өзгеріске түсуі қажет. Канцерогендердің көпшілігінің метоболикалық белсендірілуі микросомальды ферменттердің тотығуы көмегімен іске асады. Түзілген канцерогенді метоболиттер ДНК-мен әрекеттесіп қатерлі ісіктің дамуына алып келіп соғатын мутацияға және жасушалық онкогендердің белсендірілуіне, тіндердің пролиферациясы мен дифференсациясының бұзылуына алып келеді.
Бейорганикалық заттардың ішінде ауыр металлардың (никельдің, хромның, берилийдің, кадмийдің) және олардың туындаларының, сонымен қатар енген жерінде тікелей ісіктің дамуына әкелетін талшықты минералдардың (асбест) канцерогенді әсері бәрінен де жақсы зерттелген.
Физикалық текті негізгі канцерогенді факторларға иондаушы сәулелер мен УК-сәулелер жатады. Енуші радиациямен жалпы сәулелену кезінде (гамма-сәулелермен, қатты ренген сәулелерімен, протондармен, нейтрондармен) жаңа түзілімдер іс жүзінде барлық мүшелерде дамиды.