Мпко 1 спо студенті – Адилов Асылбек Бақылау жүргізудің мақсаты мен міндеттері қандай?


Бақылау құралдары деп нені түсінеміз?



бет3/5
Дата18.10.2023
өлшемі23,57 Kb.
#118763
түріСабақ
1   2   3   4   5
Бақылау құралдары деп нені түсінеміз?

Бақылаудың негізі емтихан және оқушылардың жылдық үлгерім бағалары болып есептеледі. Бақылау әдісінің ішінде бағдарламалап Бақылау әдістерінің өзіндік ерекшелігі бар. Машинасыз бағдарламалап Бақылау әдістері бойынша перфокарталар және Бақылау карталары қолданылып, оқушылардың теориялық және практикалық білімдері анықталады. Бақылау карталарын пайдалану оқушылардың білімін аз уақыттың ішінде анықтауға мүмкіндік береді. Машиналы бағдарламалап Бақылау әдістері мектептерде, арнайы орта және жоғары оқу орындарында қолданылады. Техника құралдар оқушылардың білімін тексеру, Бақылау және өзін-өзі Бақылауда қолданылады. Оқыту процесінде оқушылардың өзін-өзі Бақылауы өте қажет. Өзін-өзі Бақылау олардың игерген оқу бағдарламасы, материалы мен дағды, іскерлігінің беріктігін қамтамасыз етеді. Өзін-өзі Бақылау арқылы оқушылардың өз біліміне сенімі артып, орындаған жұмыстарының нәтижесін бағалайды. Оқыту процесінде Бақылаудың жаппай, топтық және дербес формалары бар. Жаппай Бақылауда барлық оқушыларға мазмұны бірдей сұрақтар немесе тапсырмалар беріледі, орындалған жұмыстарды олар тексеріп, іске асырады. Топтық Бақылауда зерттелетін оқушылардың белгілі бір тобы тапсырмалар орындайды. Бақылаудың дербес формасы әрбір оқушының білімін, іскерлігін және дағдысын анықтайды. Дербес Бақылау бағдарламалап және дифференциялап оқыту барысында жақсы нәтиже береді.

  1. Тестілік бақылаудың ерекшеліктері қандай?

Оқушылардың білімдері мен іскерліктерін бақылау құралдары ретінде жиі түрде оқыту нәтижежелерін анықтауға арналған тапсырмаларды түсінеді.
Мұндай бақылауқұралдарын классификациялау негізіне бақылаушы тапсырманың жауабының формасы алынады. Бұл жағдайда жауаптарын еркін түрде таңдайтын және тест-тапсырмасы т.ріндегі екі түрлі тапсырма бөліп қарастырылады.
Кейінгі кезде тестік тапсырмаларға көп мән беріліп жүр. Оның жеделдігі және нақтылығы
кеңкөлемді білімберу мазмұнын тексеруге мүмкіндік береді.
Тестер екі түрге бөлінеді: еске түсіру және толықтыру тестілері; таңдау тестілері.
Еске түсіру және толықтыру тестілері ұсынылған және байланысты сөйлемдерде бос жіберілген жерлерді толтыруға арналған тапсырмалар болып табылады. Толықтыруға арналған тесті ұсынудың екі тәсілі бар:
- бос орын қалдырылға мәтіндердің тасымалдаушы тақтада немесе карточкаларда жазылылуы
- арнайы перфокарталарды қолдану.
Бірінші жағдайда барлық бос орындар нөмірленеді, ал оқушылар жауаптарын сәйкес нөмірлердің астына жазады.
Екінші жағдайа тест карточкаға жазылады, ал әрбір бос орындары бар жерлерге «терезе» ойылылады, сонда перфокарта болып шығады. Оның астына қағаз төселіп, жауаптары ойылған жерлерге жазылады.
Таңдамалы тестерді келесідей бөледі: альтернативті тестер; айқастырып таңдау; көпжауаптан таңдау.
Таңдамалы тестер бірнеше жауаптардан тұрады: дұрыс және толық жауаптан; дұрыс, бірақ толық емес жауаптан, дұрыс емес жауаптардан.
Тексеруді дешифроватормен (тестік карточканың дәл копиясы) тексеруге болады. Онда алдын ала дұрыс жауаптары бар клеткалар белгіленген болады.
Альтернативті тестер - оқушы ұсынылған екі жауаптың дұрыс деп есептеген бір жауабын таңдайды.
Оқушылардың білімдері мен іскерліктерін бақылау тапсырмаларын дайындауда мұғалім ең алдымен тапсырма мазмұнының бақылау мақсатына сәйкес келуін ескеруі керек.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет